2017 ның жыл жабары

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал, – демей ме дана Абай. Күнтізбелік жаңа жыл аунап жатқанда, өткенге есеп беріп, алдағы жылға жоспар құратынымыз бар, біраз жылдан бері… (өткен жылдардың есебі мына сілтемеден көре аласыздар http://aizere.kz/?p=685, әрине қызық болып жатса).
Сол дәстүрмен биылғы жылды да біраз саралап көрелік, жалпы жалдағы атқарған тірліктер мен атқарар жоспардың бәрі тікелей жұмысқа байланысты болуы есептің көп бөлімі Республикалық «KAZBILIM» орталығы жұмысымен тікелей қатысты болмақ…. Жалғасын оқу…

Ең маңызды саланың қадірін осынша кетіру кімге керек?!?

 

Бірде осы биылдан басталған ұлттық біріңғай тестке және «Алтын белгіге» байланысты өзгерістерді естігенде білім министрлігінің сол кездегі орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Алпамысқызына дәл осындай былықтың боларын ескертіп ем, әттең біздікілер «білме, білгеннің тілін алма», — деген қарғысқа ұшыраған ғой.
Қалай ақтаған күннің өзінде «Алтын белгі» деген дардай атақтың мүмкіндігімен 58 балмен түскен мамандыққа үздік куәлігі бар немесе соған жақын оқушының 125 балмен түсе алмауы ешқандай да ақтайтын дүние емес.
Жалғасын оқу…

ЭКСПОДАН ЕСТЕЛІК

Кеше біреу мақтап, біреу даттап жатқан EXPO-2017-ні көзден кешірдік. Мерекелік демалыс күні болған соң шығар халық өте көп, кез келген жерде кезек, иін тірескен адам… Бірақ дені өзіміздің қара көздеріміз… 
Онсыз да 115 мемлекет, 20-ға жуық халықаралық ұйымның бөліктерін аралап шығу бір күннің жұмысы емес, оның үстіне адамның көптігі де кері әсер етіп, 4 сағат мөлшерінде ғана аралау мүмкін болды. Өзіміздің мемлекеттің «Нұрәлем» бөлігі жайнап тұр, көретін дүние де көп… Кей мемлекеттікі жай бармыз деген ғана атағы болмаса, әсері жоқ көрінді… 
Сонымен EXPO-2017-ден не түйдім?!… 
Кез келген дүниені немесе мәселе туралы жамандағысы келген адам 100 кемшілік, мақтағысы келген адам 100 артықшылық табады ғой. Артықшылықтан бастап көрейін, бірден мін іздемей…  Жалғасын оқу…

ҰБТ нәтижесіне мектеп, оқытқан мұғалім жауап беруі керек…

Бүгін 2017 жылғы түлектер мектеп бітіру кешін тойлайды…
Бейресми ақпаратқа негізделгенде биылғы «Алтын белгіге» үміткер 6500 ден аса баланың 98% — дан астамы, яғни, 6300 ден астамы қорғапты…
Жылда «Алтын белгі» үміткерлерінің 45-50% -ы ғана өз білімін дәлелдей алатын еді…
Бұл мектепте өткен емтиханның шексіз «әділдігінің» дәлелі. Жалпы біздің менталитетте мектеп бітіру емтиханы мектептерге тәуелсіз болғаны абзал. Әйтпесе, білім сапасы түсетіні ақиқат.

Жалғасын оқу…

«Жұлдыз» — Біздің елдің ең басты ауруы!

«Жұлдыз»
Біздің елдің ең басты ауруы!
Бүгін бізде 18 миллион халықта «ЖҰЛДЫЗ» деп саналатын кемі миллион адам бар…
Өсіп келе жатқан кез келген баламен сөйлессең осы жұлдыз қатарында болғысы келеді… Мейлі таланты болса да, болмаса да…
Ал, ата-анамен сөйлесе қалсаң олар да балаларынан болашақ жұлдыз жасағасы келеді…
Мен, әуейі ел болып кетпедік пе? — деп ойлаймын үнемі…
Әрине, әр ата-ана баласының ел алдында сыйлы болып жүргенін қалайды, бірақ, сыйлы болудың жолы тек әуей болу ғана емес қой…
Өз салаңның білікті, үздігі бола алсаң кез келген салада беделді бола алатыныңды үйрету бала тәрбиесінде қаншалықты қиын болмақ? Жалғасын оқу…

«Əлиханша айтсам: Қазақ баласының білім алуына қызмет қылмай қоймаймын»

Өткен аптада ақындығы бір төбе, айтқан ойлары қоғамда түрлі пікір туғызып, талқыланып жүрген, журналистік қыры да бар, химия пәнінен дарынды балаларды тәрбиелеп жүрген, елордадағы республикалық KazBilim орталығының басшысы Аятжан Ахметжанның жаңа үш кітабы жарыққа шықты. Талантын таза жолда ұстауды мұрат етіп, уақытын адал еңбекке жұмсап жүрген азаматтың өлеңдер жинағы «Мінез» деп аталса, білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі турасындағы таңдаулы публицистикалық мақалалары «Ұлт болам десең…» кітабына топтастырылыпты. Ал үшінші кітабы ғылымның төресі — химия пәнінің 8 сынып оқушыларына арналған есептер мен жаттығуларға арналған. Қытайдан атамекеніне оралған азаматпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Аятжан мырза, туған елге оралған 10 жыл ішінде еліміздің ағарту саласындағы қандай жетістіктер мен келеңсіздіктерге куə болдыңыз? Жалғасын оқу…