Пәндік олимпиада және олимпиадалық дайындық

Олимпиада десе, бірден есімізге әнұрандар асқақтаған спорттық олимиадалар еске түседі. Біздің айтпағымыз, бұдан өзге атағы мен даңқы, айбыны мен ауқымы одан аласалау болса да, маңызы одан кем қалмас ғылым бәсекесінің алғашқы әрі маңызды басқышы – пән олимпиадасы.

Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке. Жалғасын оқу…

Химия пәнінен олимпиадалық дайындық жоспары

Пән олимпиадасы — ғылымның алғашқы басқыштары, пән олимпиадасына дайындық адамның оқушы кезеңіндегі мидың ең жоғары қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайтын тамаша ғылыми ізденіс. Болашақ қазақ ғалымдары да бүгінгі олимпиада жеңімпаздарынан шығады деген үміттеміз. Әрі олимпиада жеңімпаздарынан шыққан ғалым ол болашақта қазақ ғылымына локомотив боларына сеніміміз кәміл. Сол үшін де азды-көпті шұғылданған жұмыстарымызды пайдаланып, тәжірибемізді жинақтап, олимпиадаға бағытталған жоспарды оқырмандарыма ұсынып отырмын.

Жалғасын оқу…

Оқу үрдісінде кешенді бақылау жұмысын жүргізу және пайыздық бағалау жүйесін қолдану

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл – Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының – ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі-сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі – Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі. Жалғасын оқу…

ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫ – РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ

Химияның дербес пән болғанына ұзақ уақыт болмаса да, сонау заманнан күнделікті тұрмыста нақтылы қолданылып келген. Мысалы, май мен күлдің қасиетін пайдаланып,  қолдан сабын жасаған, айран ұйытып, қымыз ашытқан. Химияның дамуы ерте заман, таяу заман және осы заман сияқты ұқсамаған дәуірлерді басып өтті. Мыс, темір сияқты металдарды және қорытпаларды қорыту, шарап ашыту сияқтылардың бәрі де – химияның алғашқы табыстары. Тас көмір, мұнай, табиғи газ сияқты жанатын заттарды ашу және пайдалану, қағаз жасау техникасының жарыққа шығуы мен дамуы сияқтылар адамзат қоғамының дамуында маңызды рөл атқарады. Дәрі-дәрмек химиясы мен металлургия химиясының кең көлемде зерттелуі таяу заман химиясының жарыққа шығуына және дамуына тамаша негіз қалады.

Жалғасын оқу…