Пәндерді ағылшын тілінде оқыту бізге кемінде 10 жылға дейін мүмкін емес.

Аятжан  АХМЕТЖАН, республикалық «Қазбілім»  орталығының  директоры:

Жақында реформадан көз ашпайтын сала басшысының эксклюзивті сұхбаты жарияланды. Ел дүрліккен мәселелерді «Жас Алаш» газеті қаузап, тиісті жауап алғандай-ақ болды. Бірақ білім саласында көңілді күпті еткен, түйіні тарқамаған тақырып әлі де жетерлік. Осы ретте әлеуметтік желіде қоғамдық пікір көшбасшылары тұщымды ой айтып, биліктің шашбауын көтергендерді сынның астына алуы керек еді. Десе де бұйығы жұрт әліптің артын бақты.

Расында, саланы төрге емес, көрге сүйреген басшылықтың былыққа толы әрекетін әшкерелеп, ашық ой білдіруге екінің бірінің тісі батпасы анық. Сондықтан қарқынына көз ілеспейтін саланың қазіргі салмағын алыстан орағытпай, білім майданында қарусыз күресіп жүрген маманмен тілдесіп, жақыннан бажайлауды жөн санадық. Республикалық «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжан арнайы «Халық» газеті үшін білім саласындағы біз білмейтін ауыс-түйіс, реформаның жай-жапсарын ашық әңгімелеп берді. Жалғасын оқу…

МИНИСТРЛIК ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН АСҚАР ЖҰМАДIЛДАЕВТI ТЫҢДАСА ДЕГЕН ӨТIНIШIМ БАР

Бiлiм және ғылым министрлiгiне басшылық қызметке келгенiне бiр жыл толуына орай, Ерлан Сағадиев осыдан бiрер күн бұрын халыққа есеп берiп, осы мерзiм iшiнде қандай жұмыстар атқарылды, алда қандай жоспарлар бар дегенге тоқталды. Бiр анығы, бұл орайда, әр алуан көзқарас, түрлi пiкiр бар. “Шымшық сойса да қасапшы сойсын” демекшi, бiз бұл мәселенi бiлiм саласының өз қазанында қайнап жүрген бiлiктi маман, ұстаз Аятжан Ахметжанмен бiрге сараптағанды жөн көрдiк.

– Бiр жыл аз уақыт емес. Бiр жылда үлкен жұмыстар атқаруға болады, – дейдi Ахметжан Аятжан. – Өкiнiшке қарай, бiзде бiлiм саласына келген әрбiр министр өзiнiң реформасын алып келетiн әдет қалыптасты. Сол сияқты, бұл министр де өзiнiң реформасымен келдi. Қазiр заман өзгердi, ақпараттық технология дамыды, бiрақ кез келген реформа өзiнiң материалдық базасына сай болуы шарт. Егер материалдық базасы жасалмаса, ешқандай реформа iске аспайды. Сондықтан бұл министрдiң де реформасы кезiндегi министрлердiң реформасы сияқты аяғы жоқ шаруа бола ма деген қорқыныш бар. Қорқыныштың ең басты себебi, бұл – мемлекеттiң қаржысына жасалатын дүние. Бәрiне уақыт – төрешi. Бiрақ химия, биология, физика, информатика пәндерiн ағылшынша оқыту iске аспайтын жоба екенiн бiрден кесiп айта аламын. Мен өзiм химикпiн. Маман ретiнде айтатыным, химия пәнiн ең алдымен қазақ тiлiнде беретiн мұғалiмдермен қамтып алсын. Соның өзi бiз үшiн үлкен жетiстiк болар едi. Екiншiден, бiзде Назарбаев зияткерлiк мектебiн айтпағанда, басқа мектептерде ешқандай материалдық, зертханалық база жоқ. Ал зертханалық база жасамай тұрып химияны ағылшын тiлiнде өткiзу мүйiз сұраймын деп құлақтан айырылумен тең. Өйткенi химия – зертханалық жұмысты негiз еткен ғылым. Дамытқымыз келсе, ғылымды тiрiлтемiз десек, ең әуелi зертханалық база жасайық. Себебi қазiр ауыл тұрмақ, қаланың мектептерiнде ол жоқ. Жалғасын оқу…

Пән олимпиадасы

Кешегі уәдем бойынша пән олимпиадасы туралы әріптестердің сұрақтарына толық ойымды айта кетейін…
1. Аудандық пән олимпиадасы неге екінші тоқсанда?
Ж: Бұл уақыт талабы, бізде бұдан басқа уақытты шегеруге жол жоқ. Себебі, Халықаралық олимпиада уақыты халықаралық пән олимпиадасы комитеті жағынан сәуір айының аяғы мен мамыр айының басқы уақытына, дүниежүзілік пән олимпиадасы шілде айына белгіленген. Яғни, сәуір айының басына дейін республикалық құрама жасақталып бітуі керек, сондықтан бізде республикалық пән олимпиадасы наурыз айының ортасында өтіп жеңімпаздар құрамаға қабылданады. Соған сәйкес, облыстық олимпиада қаңтар айына, аудандық олимпиада желтоқсан айына, мектепішілік олимпиада қараша айына белгіленген. Бұл, дарынды балаларды тәрбиелеу және жетілдіру методикасына сай қойылған. Яғни, әр кезеңнің олимпиадасының аралық уақыты бір айдан қысқа болмау керек. Жалғасын оқу…

БІЛІМ САЛАСЫНА РЕФОРМА ЖАСАУ ОҢАЙ, ОҢАЛТУ ҚИЫН…

  • «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы не білесіз? Бұл туралы сізге қандай мәліметтер жеткізілді?
  • Мен өзім Қазбілім (kazbilim.kz) порталының редакторы ретінде де, оның үстіне білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі туралы үнемі қалам тербеп, баспа бетінде жазып сызып жүрген қоғамның белсенді азаматы ретінде «үш тұғырлы тіл» саясаты туралы толық білемін. Жаңа қабылданған жалпы білім беруге арналған 2016-2019 жылдарға арналған білім бағдарламасын көріп толық танысып шыққанмын. Бұған дейін де бұл бағдарлама туралы мақала да жаздым, сұхбат та бердім. Сондай-ақ, бағдарламаның артық-кемі туралы өз ұсынысымды қазіргі министр Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевпен екі мәрте кездесіп, жаңа командасына өз ұсыныстарымды жеткіздім. Ұстаз ретінде, ұлтшыл азамат ретінде әлі де өз ұстанымымды, ұсынысымды баспа сөзде де, тікелей де жеткіземін. Айту, зерттеп түйген ұсынысымды жеткізу менің парызым. Ал, оны тыңдау мен іске асыру қолында тізгіні бар жұрттың шаруасы. Бірақ, қоғам сөзімен санасып жатқан тізгінді жұрт аз. Мен түгіл мүйізі қарағайдай академик ағаларымыздың шырылын тыңдар емес.

Жалғасын оқу…

ҮРЕЙ МЕН ҮМІТ

Иә, жаңа министрдің орын тағына отырғалы білім саласының әр ісі қызу талқылануда. Қоғамға үрей тастап үлгерген үш тілді оқыту мәселесі мен бес күндік дейсіз бе, әлде басқа дейсіз бе, біраз жаңа дүние енгізілгелі жатқаны ақиқат. Дәл осы күйіп тұрған сәтте қоғамның әр азаматының үнін жеткізу, қоғам болып талқылап, болашақ ұрпақтың мәселесін шешу, әрине, өте өзекті. Дәл осы кезде министрдің әр салада жүрген біз секілді мамандарды (тіпті, қатты айтып жүрген адамдарды) кездесуге шақыруы өзімізге әр сөзімізді дәлелмен, байыппен айтып, халықтың үнін жеткізуді толық атқару керек екенін сезіндірді.

Жалғасын оқу…

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ НЕ АСЫҒЫСТЫҚ?

Білім саласында бір түсініксіз асығыстық пайда болды. Күнде жаңа бір өзгеріс ұсынылып, жаңа бағдарлама қабылдануда…

Қазір ҚР Білім және ғылым министрі қызметін Ерлан Сағадиевпен бірге Дариға Назарбаева қоса атқарып жатқандай. Соңғы кездері «біздегі білім министрі кім?» деген түсінік пайда бола бастады… Неге осынша тез әрі білім саласына бәрі мойын бұра қалды? Сұрақ көп…

Жалғасын оқу…