МИНИСТР НЕ ДЕДІ, МҰҒАЛІМ НЕ ДЕДІ?

Иә… Менің оқырмандарыма бүгінгі ең қызық тақырып осы болар. Себебі, дүбірі жер жарған Тараздағы «Блок құрылтай – 2016» аясында кешеден бері менің шыт жаңа орнына отырған, су жаңа министр Ерлан Сағадиевпен менің кездесуім туралы алдын ала ақпарат әлеуметтік желіден әлемге жар салынып, ол туралы арнайы сурет салынып та үлгерді. Осыншалық қызығушылық туудағы себеп не?

Оның себебі, Қазақстандық реформашыл министрлердің жаңа реформалары туралы қорқыныш һәм қызығушылықтың тайталасы еді. Ал, онда көп созбалық, жаңа министр не дейді?

Жалғасын оқу…

ҰСТАЗДАРДЫ «ПЕРІШТЕ» ДЕЙ АЛМАЙМЫН

  • «Ұстаз – келер күннің ұстасы» дейді дана халқымыз. Кейінгі кездерде осы ұсталарымыз ұстанымынан ажырап бара жатқан жоқ па?! Әлеуметтік желі мен жаңалықтарда қаптаған мұғалімдерге қатысты дау-дамайларға не айтасыз?!

 – Кез келген қоғамда, оның ішінде осы ХХІ ғасырда ең өтімді мәселе – танымалдылық пен PR болып тұр. Ал ұстаздардың атының жаман жағынан танылуы қоғамға өте ауыр. Бір мысал айта кетейін: бір апай өзіне көмектескен бір балаға: «Рахмет, балам, мұғалім бол!» – десе, оқушы тұрып: «Апай, өтініш, қарғамаңызшы»,- деп айтқан екен. Қоғам болып «ұстаз» атын қарғыс деңгейіне жеткізіп алып, одан кейін олардан бедел сұрау – ұят.

Жалғасын оқу…

ҰБТ – КІМ КІМДІ АЛДАЙДЫ…

Бар жұрт баласын есіне алатын, ел болып елеңдей қалатын, дүбірі жер жарған, баласы аудиторияда тест тапсырып, ата-анасы мен ұстаздары «үй қамақта» отырып, телефонын құшақтаған биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні артта қалды.

Емтихан алдында А.Сәрінжіпов түлектерге: «Бүгін сіздер өмірлеріңіздегі ең маңызды кезеңге аяқ басқалы отырсыздар, ол – Ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы ұлттық жобаға қатысуларыңыздың арқасында сіздер өздеріңіздің, яғни болашақтың есігін ашатын боласыздар. Ендігі кезекте барлық 11 жыл ішінде алған білімдеріңізді еске түсіріп, берілген 3,5 сағатты орынды пайдаланыңыздар. Емтихандарыңызды сәтті тапсыруларыңызға тілектеспін!» -деп өз тілегін білдірді.

Жалғасын оқу…

25 мамыр – ұстаз шері

25 мамыр оқушылар мен ұстаздарға мереке іспетті. Баршамыз осы күнді тосамыз, қуанамыз һәм жеңілдейміз!

Мен ұстаз болғалы бес жыл! Бесінші мәрте 25 мамырды ұстаз ретінде қарсы алғалы тұрмын. Бірақ, берері мол мамандықтың беделі жүректі ауыртады. «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын ұстаздарға», – депті қазақтың ардақты ұлы Мағжан Жұмабаев. Бүгінгі ұстаздар, төрің қайда? Төр тұрмақ, құлағың тыныш, дауадан басың аман болса, соған игі дейтін күйге жеттік.

Жалғасын оқу…

ҰБТ: + және –

Ұлттық бірыңғай тестілеу

ҰБТ – Ұлттық бірыңғай тестілеу. Елдің оқу бітіруші түлектерінің алымы мен қарымын айқындап, бала шағынан болашағына өткізіп салатын «бірыңғай» сынақ. Иә, бұл «бірыңғай» сынақ елімізде биыл сынақ мерзімін қосқанда, он бірінші рет өткізіледі. Бірақ, біз тестілеу өткен күннің ертеңіне оныншы бірінші рет емес, бірінші рет өткендей күйге түсеміз. Неге?

Жалғасын оқу…

МЕКТЕБІНДЕ «ЕКІНШІ СОРТТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Қанша тіл білсең, сонша адамсың. Иә, бұл – бүгінгі күннің басты ұраны. Бірақ, көп тілдің көлеңкесінде қалып, бір тілді де толық меңгере алмай, жартыкеш айдай жарты адамдар қаптады. Екі тілдің арасында есі шыққан бала, — деп қайғырушы еді күні кешегі жұрт. Ал бүгінгі ұрпақ көп тілдің арасында есеңгіреп қалғаны сіз бен бізге ақиқат та. «Көп тіл білгеннің несі айып?!» Әбу Насыр әл-Фараби де он шақты тіл білген деп, өзеурей дауласарсыз. Бірақ, ол тықыр мен бұл тықырдың жөні басқа.

Жалғасын оқу…