ғылыми жоба – су ми бала

«Алуан-алуан жүйрік бар, өз әлінше шабатын» дегендей, «Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2014» те жақындады. Әр талапкер өз әлінше шабатын, мамандығын табатын, біреу күліп, біреуі жылап шығатын арпалыс басталғалы тұр. Иә, шапқан тұлпардың бәйге алу басты мақсаты болса, талапкердің мақсаты – көздеген биігін бағындырып, көңіліндегі мамандықтың тізгінін ұстап, студент атану.

Жалғасын оқу…

он екі жылдық білім берудің алғышарты әзір ме?

 Сөз басы

Оқу- ағарту жүйесін реформалап дамытып отыру – ғылым мен техника үздіксіз дамыған бүгінгі таңда маңызды үрдістердің бірі. Бірақ, реформаның өз міндетін толық ақтауы – жүктеген мақсат пен міндет орындалып, көздеген нысанаға жетуінің ең маңызды екенін естен шығармаған абзал. Себебі, бізде оқу-ағарту – реформадан көз ашпаған сала. Қадамы қарық болмаса да, әркім өз әлінше реформалап кетуі бүгінгі біздің елдің министрлерінің міндетіне айналды.

Жалғасын оқу…

Оқулық сапасын арттыруға ұсыныс

Сапалы оқулық — мұғалім мен оқушының сенімді серігі һәм білімнің қайнар көзі. Оқулық сапасы туралы елде жиі шу көтеріледі, бірақ шешілген емес, оқулық мәселесін шешу үшін оқулық жазу құқығын баспадан алып, ғылым академияларының біріне берген абзал. Себебі, баспа, ол – жауапкерлігі шектеулі серіктестік, яғни, олардың басты көзқарасы сапа емес —  сауда, көздегендері білім емес — ақша. Солай болады да, себебі олардың негізі бағыты — бизнес жоспарын орындау. Сол үшін бағдарлама, оқулық кешенін негізгі жауапкершілігі бар, мемлекеттік мекеменің құзіреттілігіне беру керек. Ақиқаты да осы, жауапкершілік болмаса, сападан ауыз ашуға болмас. Жалғасын оқу…

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕС

Ел мен елді, ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіреті, ол – білім!

Мұхтар Әуезов

Оқушылар неге орталық жағалап жүр?

Иә, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру алдағы мақсат – президент жүктеген міндет. Мақсатқа жетер жол – ұлттың сапасы, ұлт сапасын көтеру, дамыған 30 елдің ішіне енудің бірден — бір жолы. Ұлт сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – білім.

Жалғасын оқу…

БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұлтының ертеңін ойлаған жан ұрпағының бүгініне қам жасары хақ. Ұлы Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін, ол – білім» десе, атам қазақ: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демеп пе еді?! Біз бүгін өзгеден оқ бойы озбасақ та, артта қалмастай теңестік пе? Бүгінгі ұрпақ білегімен емес, білімімен қаншалықты белдесе алады?

Жалғасын оқу…

Басынан шіріген бастауыштық жүйе

Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл – Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі – сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі – Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі – сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі.

Жалғасын оқу…