Ертең ел баласын оқытар есі дұрыс мұғалім таппай қалар…

Ұстаздық кəсіп, иə, мамандық дегенге мүлде келіспеймін… Ұстаздық болымыс шығар…
Кəсіпті, мамандықты ауыстыруға болады, ал, болмысты жоқ, ол өзіңмен бірге жаратылады һəм өзіңмен бірге өтеді…
Себебі онсыз өмірдің мəні жоқ…

Дүниенің ең рахаты да сол болмысыңмен өмір сүру, жаның қалайтын тірлікпен күн кешу…
Иə, күнде жексенбі жоқ, өмірдің (кəсіптің) бейнеті бар, ал ұстаздықтың бейнеті бүгін тіпті ауыр… бірақ қанша ауыр болса да, ол болмысың болса қоштаса алмайсың…
Жалғасын оқу…

АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ НЕГЕ АРДАҚТАЛМАЙДЫ?

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Қай кезеңде де ұлтымыздың азаттығы жолында ұлы істер атқарған ұлыларды оқымай, олардың мұралары мен мұраттарын санасына сіңірмей өскен ұрпақ азаттықтың құнын ешқашан түсіне алмаған. Бүгінде осы ізгі дәстүрдің жалғасы біздің білім саласынан айшықты орнын таба алмай отыр. Ұлы істердің басында тұрған ұлт перзенттері, соның ішінде, Алаш ардақтылары тарихи биік бағасын, құрметін қалай алып жүр? Оқу орындары мен мектептерге ұлылардың есімдерін беру жұмысы неге кенжелеп тұр?

Жалғасын оқу…

Егер мұғалімнің беделін шын қорғағымыз келсе, мұғалім құқы мен беделі туралы заң қабылдайық

Соңғы кездері биліктің қол­ға алғанәрбір қадамы халық назарында. Әсіресе, білім беру саласының бүгінгі жағдайына алаңдаушылық білді­ретіндер аз емес. Себебі білім саласы біржақты көз­қарасты қажет етпейді. Са­ладағы бірқайнауы ішіндегі реформалар халықарасында ашықтан–ашық айтылыпжүр. Осы ретте, са­ланың жан–жарасын білетін, биліктің алдына білімдегі басты мәсе­лелерді бүкпесіз баян­дап жүрген ұстаз Аятжан Ахметжанмен сұхбат құрдық.

   Аятжанаға, білім беру саласыта­лай­ реформалардың көзінкөріп, түр­ленген саланың бірі. Әлі де сол бағытта келеді. Талай министр осы саладан ысы­рылды. Қалай ойлайсыз, реформа­ның нәтижелілігі министрге байланысты ма?

Жалғасын оқу…

кітаптан алыстағанымыз имандылықтан алыстағанымыз

– Аятжан мырза, Әл-Фараби ғұламамыз: «Тәрбиесіз берілген білім дүниеге апат алып келеді» дегені бар. Тәрбиенің түп негізі – имандылықта екені даусыз. Бүгінде мектеп қабырғасында имани тәрбие беру жағы кемшін түсіп отырған жоқ па?

– Бүгінгі таңда біз тәрбиені ұранмен шатастырып алдық. Тәрбиелейміз деп ұраншылдыққа баулып кеттік. Сөз басқа, іс басқа. Тәрбиені құр сөздің деңгейінде,  әйтпесе, бір шоулар мен шулардың деңгейіне түсіріп алдық. Бұл мектептегі тәрбие болсын, қоғамдағы тәрбие болсын, ең бір ауыр дертке айналды деп айтсақ болады. Қарапайым тілмен айтқанда, білім саласындағы тәрбие – «мен тәрбие беремін» деп берілмеуі керек. Менің түсінігімде ол былай, мысалы, бір оқулықты алсақ, сол оқулықта имандылықтың, қазақылықтың иісі бұрқырап, өздігінен сезіліп тұруы керек. Бұл – нағыз сіңетін тәрбие. Тәрбиенің көзі болып саналатын Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті деп айтамыз ғой. Бірақ, көп мемлекеттердің идеологиясы барлық оқулықтарынан, керек десеңіз, жаратылыстану пәндерінің өзінде «мен мұндалап» тұрады. Тәрбие дегеніміз – міне, осы! Осы нәрсені әрбір ұстаздың, оқулықтың, ұжымның бойына сіңіруіміз керек. Яғни, сөз бен іс бірігу керек. Жалғасын оқу…

Мұғалімдерді марапаттау ма, әлде, мазақтау ма?

Қазақтың сан ғасырдан бергі тарихында нелер алмағайып заманда да, ұстазға деген құрметі еш кемімеген. Әл-Фарабиден тартып кешегі Алтынсаринге дейінгі аралықта ұлт ұстаздарының есімі еш көнерген емес. Бүгінде ұстаз деген ұлағатты есімді иеленіп, ауыр аманатты арқалап жүрген жандарға жасаған сый- құрметіміз көңіл қуанта ма?

Жалғасын оқу…

МАЙЫСҚАҚ ҰЛДАР – МАҢДАЙДЫҢ СОРЫ

Жиырма беске келсе де, Өз көжесін, Жылап ішер жасықтар пайда болды… 

Мұхтар Шахановтың «12-3=?» поэмасынан

Абайша айтсақ, «бәрекелді сүйгіш» қазақтың мақтан мінезі кеткен емес, кіммен әңгімелессең де, жеті атасынан бір батыр, бір жомарт тауып алып мақтана қояды. Иә, мақтанарлық ұлт болғанымыз баршаға аян, ұрпаққа үлгі. Қазір де мақтауға тұрарлық ұлттық мінездеріміз жетерлік. Бірақ, бүгін қит етсе, қазақты сынай жөнелетін болдық. Кеңестік кер замандағы кемсітудің кесірі болар.

Жалғасын оқу…