МАЙЫСҚАҚ ҰЛДАР – МАҢДАЙДЫҢ СОРЫ

Жиырма беске келсе де, Өз көжесін, Жылап ішер жасықтар пайда болды… 

Мұхтар Шахановтың «12-3=?» поэмасынан

Абайша айтсақ, «бәрекелді сүйгіш» қазақтың мақтан мінезі кеткен емес, кіммен әңгімелессең де, жеті атасынан бір батыр, бір жомарт тауып алып мақтана қояды. Иә, мақтанарлық ұлт болғанымыз баршаға аян, ұрпаққа үлгі. Қазір де мақтауға тұрарлық ұлттық мінездеріміз жетерлік. Бірақ, бүгін қит етсе, қазақты сынай жөнелетін болдық. Кеңестік кер замандағы кемсітудің кесірі болар.

Жалғасын оқу…

СУИЦИД – ДЕРТ ЕМЕС, ЖАУАПСЫЗДЫҚ САЛДАРЫ

«Дүниеде не тәтті?» – десе, кішкене кезде «жан тәтті» – деуші ек. Әлі де сол пікірден айныған емеспіз. Бірақ бүгін тәтті жанын өз қолымен жаралайтын, жаралау ғана емес, өмірмен қоштасудың өзін оңай санайтын жандар көбейді. Қайғысыз, мұңсыз санайтын, кеше ғана ойнап – күлген баласынан қапияда айырылып қалатын, себебін таппай, дал болатын күйге түстік.

Жалғасын оқу…

ҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Патша қанша жерден ақымақ болса да баласының ұстазының алдын кеспейді, — дейді ежелгі гректің ғұламалары. Ал, қазақта бұны «алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі,» — деген Мағжаннан асырып айтпаспыз… Бірақ, бүгіннің көзімен һәм сөзімен толғақты мәселені жіліктегенді жөн көрдік…

Сөз басы Жалғасын оқу…

ҚАЗАҚ БАЛАСЫН ҮШ-АҚ АУЫЗ СӨЗБЕН ТӘРБИЕЛЕГЕН…

«Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы, ұрпағымның ұяты болсын!» -деген атам қазақ бала тәрбиесін басқадан биік қойғаны белгілі. Ұятсыз немесе жүгенсіз деген сөзге қалмас үшін де қызды қырық үйден тыю керектігін ұрпаққа ұлағат еткен. Ондайларды көрсе, «аяғын етік қыспаған, аузын шеше қыспаған»,- деп қыз тәрбиесіндегі ананың рөлін  баса айтқан емес пе еді?!

Жалғасын оқу…

Баланың бағын байлаған баға

Мектеп өмірінде кімдер 5- ке оқыды, кімдер 3 -ке оқыды ол әркімнің өзіне аян, бірақ бүгінгі ұрпақ нешеге оқып жүр? Тоқсанның соңы – ата-ана бала үшін, бала баға үшін алаңдайтын арпалысты шақ. Арпалысты шақтың басты тұлғасы – ұстаз, «екі түйе соқтығысса, ортасында шыбын өледі» демеуші ме еді?! Әкімшілік пен ата-ана арасында шырқыраған ұстаздардың ұстаздықтан түңілер, қорланар шағы. Ал, оқушылардың ата – ана алдында жауапқа тартылар, әйтпесе, сыйлық алып, мәз болар шағы, мұғалімге жаутаңдар кезі.

Жалғасын оқу…