Химия пәнінен ҰБТ есептерін шешу «2»

Респбуликалық «KAZBILIM» орталығы директоры, химия ғылымдары магистрі Аятжан Ахметжанның химия пәнінен ҰБТ есептерін шығару курсының 1 бөлімі
Талданатын нұсқан сұрақтары алдын ала vk.com/ubt17 тобына жарияланады. 

Қалалық химия олимпиадасы қортынды марапаттау рәсімі 

Астана қаласының білім басқармасы «Астана дарыны» ғылыми практикалық орталығы МҚКК және Респуликалық «KAZBILIM» орталығының бірлесуімен өткізілген тұңғыш Қалалық химия олимпиадасының қортынды марапаттау рәсімі

Химия пәнінен ҰБТ есептерін шешу «1»

Біз бұған дейін де химия, математика пәндерінен әр түрлі сабақтарды жариялап жүргенбіз, бұл сол үрдісіміздің жалғасы.

Респбуликалық «KAZBILIM» орталығы директоры, химия ғылымдары магистрі Аятжан Ахметжанның химия пәнінен ҰБТ есептерін шығару курсының 1 бөлімі

Пәндік олимпиадаға дайындау методикасы

2017 жылы 24-25 ақпан аралығында Астана қаласы «Дарын» ғылыми практикалық орталығы және Республикалық «KAZBILIM» орталығының бірлесуімен химия пәні мұғалімдеріне арналған “Дарынды балаларды анықтау, оларды химия пәні олимпиадасына дайындау жолдары және аудандық, обылыстық олимпиада есептерін шығару әдістері” атты екі күндік кешенді курс өткен еді, бұл осы бес бөлімнен тұратын курстың бірінші бөлімі «Пәндік олимпиадаға дайындау методикасы». Алдағы уақытта қалған бөлімдері рет, ретімен жарияланып отыратын болады. 

Тренерлер:

Ахметжан Аятжан –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасының иегері,  жоғары санатты химия пәні мұғалімі, химия ғылымдарының магистрі, Республикалық «KAZBILIM» орталығы директоры, Қазбілім (kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын. 

Нұрсапа Нұрбай – Астана қаласы №66 мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі, 2015 жылғы Баку қаласында өткен №47 Халықаралық химия олимпиадасының (IChO) бақылаушысы (observer), химия ғылымдарының магистрі.

 

Республикалық «KAZBILIM» орталығы туралы толық ақпарат: kazbilim.com сайтында

Аятжан Ахметжанның кітаптарының түсау кесері

Астанада танымал ұстаз, химия саласының білгірі, ақын, журналист, блогер, «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанның үш бірдей кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

 

Аятжанның ақындығы бір төбе. Оған бүгін тұсаукесері өткен «Мінез» атты жыр жинағы куә. «Ақын боп ғұмыр кешіру, оңай деп пе едің, қарағым…» дегендей, қазіргі қоғамда ақындықты былай қойып, адамдықтың қадірі кетіп бара жатқанда ақын болып ғұмыр кешіру де оңай емес.

Ал Аятжанның өз ісінің білгірі, өз саласының нағыз майталманы екенін «Химия» кітабын оқығанда-ақ білесіз. Бұған танымал журналист Сүлеймен Мәметтің осы кеште айтқан «Қазақ тілі техниканың, ғылымның тілі бола алмайды дегендерге Аятжан Ахметжан осы «Химия» кітабын жазу арқылы тойтарыс берді» деген бір ауыз пікірі жетіп жатыр.

Аятжан Ахметжанның ұстаздығынан бөлек, ақындығынан бөлек тағы бір қыры бар. Бәлкім осы соңғы қыры алғашқы екі ерекшелігін айшықтап, әспеттеп тұрған да болар. Ол – Аятжанның ұлтжандылығы. Егер ол ұлтжанды болмаса ақын да, ұстаз да бола алмас еді. Міне, осы қырын танытқан келесі бір туынды – «Ұлт болам десең» деп аталады.

Бір жылда, бір айда емес, бір күнде үш бірдей кітапты қалай шығара қойды дегілеріңіз келер. Аятжан Ахметжан мақсатшыл жігіт. Өткен 2016 жылы отызға толған жас маман, отыздың иығына шыққанда өз өмірін бір қорытындылауды мақсат еткен екен. Міне соның жемісі.

Осы кеште арнайы қонақ ретінде қатысқан «Дарын» орталығының директоры Майра Жаноразқызы айтқандай Аятжан Ахметжан өн бойынан химияның барлық элементі табылатын адам. Сондықтан да ол қоғамның кез келген саласында талмай еңбек етіп келеді.

 

 

Тұсау кесердің толық бейне материалын көріңіздер…

Білім мен билік: Бүгінгі қазақ тілі туралы бүкпесіз әңгіме!

Хабартеле арнасының «Bilim» — бағдарламасында «бүгінгі қазақ тілі туралы бүкпесіз әңгіме» болған еді. Бағдарлама жүргізушісі Дәурен Қуат, Бағдарлама қонақтары саясаткер Дос Көшім, Ерлан Саиров т.б.

Хабарарнасы