Әдемі бағдарламада: Жастар, білім, ғылым, мектеп және ҰБТ

Әдемі бағдарламада Аятжан Ахметжанұлы. Жастар, білім, ғылым, мектеп және ҰБТ туралы ойларымен бөліскен еді. Сұхбаттасқан «әдемі бағдарлама» жүргізушісі Батырхан Ибрагимов.

Мұғалімдер мәртебелі атақты ақшаға сатып алуда!

Кез келген қазақтан Ұлт ұстазы кім деп сұрасаңыз, мүдірместен Ахмет Байтұрсынұлы дейді. Ахаңа бұндай атақты халық өзі берді. Бірақ сол Ахаңдарда Ғасыр ұстазы, Алаш ұстазы деген атақ болған жоқ. Ал қазіргі мұғалімдер мұндай мәртебелі атақты ақшаға сатып алуда. Бағасы қанша деп ойлайсыз? Ұлағатты ұстаздар осылай жасап жатқанда, өскелең ұрпақ қандай тағылым алады, кімге қарап өседі?

Білім саласындағы олқылықтар мен жетістіктер

Респбуликалық «QAZBILIM» орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлы Qazaqstan Ұлттық Телеарнасындағы «басты тақырып» бағдарламасында білім саласы туралы ойларымен бөлісіп еді. Сіздердің де назарларыңызға ұсынамыз.   

MEN & ASTANA. БИЗНЕС БІЛІМНЕН БАСТАЛАДЫ.

KUN.KZ атты арнаның MEN & ASTANA жобасына ұсыныс еткесін түсіп едім. 
Астананың 8 жасында келіп, 20 жасқа толған мерекесін атап өткен 12 жылда, біз де, Астана да көп өзгерді… 
фильмді көріп өздеріңіз бағаларсыздар…

1-студия. Білім саласындағы реформалар оқу сапасын арттыра алды ма?

— Білім беру саласындағы реформа оқыту сапасын арттыра алды ма? 
— Бүгінгі реформа білімді ұрпақ тәрбиелеуге кепілдік бола ала ма? 
— Жаңартылған оқу жүйесі білім сапасына қандай өзгеріс әкелді? Білім сапасы артты ма?
Бүгінгі «1-студия» саяси ток-шоуында осы және басқа да білім беру ісіне қатысты мәселелері талқылаймыз. 
 1-студия қонақтары:
— ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Бақытгүл Хаменова;
— Ұлттық тестілеу орталығы директорының кеңесшісі – Дархан Жақсыбеков;
— «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының директоры – Ғани Бейсенбаев;
— Республикалық «KAZBILIM» орталығының директоры – Аятжан Ахметжан.

Қазақстан ұлттық арнасы