БОП ТҰРМЫН ҚОС БҰРЫМДЫ САҒЫНҒАНДАЙ

Білерсіз сіз қазақтың ырымдарын,
Қазақ қызы кеспеген бұрымдарын,
Қазақ қыздың сұлулық бір белгісі,
Білерсіз сол бұрымнан туындарын.
Төлегеннің қыз Жібекке ғашықтығы,
Білерсіз сол бұрымнан туылғанын.
Кеше ғана ұлттық жаза ретінде,
Білерсіз сол бұрымның жұлынғанын.

Бұл күні арман басқа, талғам басқа,
Сан өзгеріс туылған жаңа баста,
Құдай берген реңді жоғалтып кеп,
Алуан рең көрінді мына баста,
Қос бұрым жауырынға жетпей жатыр,
Ауырлығы болардай қара басқа.

Өткен күн біз қазаққа арман бүгін,
Сұлулық қыздардағы қара бұрым.
Көргенде желкілдеген қос бұрымды,
Көргендей болушы едім таңның нұрын.
Күзелгенін көргенде ұзын шаштың,
Күрсініп шығып кетті жалын мұңым.

Бұрымдыда бір менің бағым бардай,
Боп тұрмын қос бұрымды сағынғандай,
Ей, қазақтың қыздары, шаш қимашы,
Дінсіздікке бір басың таңылғандай.
Қара көз қазағымның сұлулары,
Ата-салттан мәңгілік жаңылмағай.

2011 жылы Алматы теларнасы түсірген көрніс еді…

Ой салар деген оймен…

Аятжан Ахметжан

ҚАСҚЫРДЫҢ ДА БОЛАДЫ БІР ТҰРАҒЫ

Түсінісу өмірдің теоремасы,
Қазақтың аман болсын қара басы,
Жайсыз сұрақ жанымды қажайды да,
Жайлы әңгіме бақыттың баламасы.

Әңгіменің легі еді қызу мерей,
Ол сөйлесе дегендей мен үндемей,
Бәріміз де қара сөздің иесі едік,
Жөн тосып сөйлесетін дүрілдемей.

Айтылды біреу жайлы сыбыс кеңес,
Оны да бәрі толық біле бермес,
Бір досым сұрап алды жарығым-ай,
Жандардай тарихты көзі көрмес.

Қазақ па?! Жоқ әлде оралман ба?
Сұрап тұрса не деймін сол адамға?
Ұяттан тірі өлерлік бір іс еді,
Тарихтың тамшысын құрағанда.

Оралман кім? Қазақтың баласы да,
Туған жері байырғы қазақ даласы да,
Сарпалдаңға салмаса тағдыр әкеп,
Құласы да жоқ еді аласы да.

Кей жақтағы қандастар бай тұрады,
Қиындықсыз шешілер қай тұрағы,
Өнерлінің өрісі кеңейіп те,
Шабыттың шылбыры да тартылады.

Десеңіз кейбір жандар сенбейді екен,
Көңілінің көктемін бермейді екен,
Бай тұрса бұл жақта несі бар деп,
Тамаша өмір сол жақта көрмей ме екен?!

Дегенде көкейіңнен мұң тұнады,
Шешілмей шежіренің мың сұрағы,
Құрсын шіркін, құрсын-ау, құрсын бәрі,
Жылқы да өз мекенін аңсайды екен,
Қасқырдың да болады бір тұрағы.

2011 жылы Алматы теларнасының болымыс бағдарламасы түсірген…

Аятжан Ахметжан

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК КУРСЫ. 1- БӨЛІМ

Ұстаздар қосынын нығайтуға үлес қосу мақсатында «Химия пәнінен олимпиадалық есептер шығарту арқылы оқушылардың ғылыми ойлау өресін дамытып, логикалық ойлау өресін жетілдіру»  атты шеберлік курсын өткізген едік. Бірінші бөлімі бұған дейін жарияланған, енді соның 2 – бөлімін ұсынамын. Бұл сабақтар тек оқушыларға ғана емес, оқытушыларға да көп көмегін береді деп сенемін!

Алдағы күндері сабақтың жалғасы жүргізіледі. Назарларыңыз бізде болсын!

Ескерту: онлайн сабақтарды түсіруде қаржылық тапшылыққа байланысты видео сапасы нашарлау, оған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Сабақ жүргізуші: Астана қаласы дарыны балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі, Қазбілім (kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын, журналист Аятжан Ахметжан.

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК КУРСЫ. 1- БӨЛІМ

Ұстаздар қосынын нығайтуға үлес қосу мақсатында «Химия пәнінен олимпиадалық есептер шығарту арқылы оқушылардың ғылыми ойлау өресін дамытып, логикалық ойлау өресін жетілдіру» атты шеберлік курсын өткізген едік. Соның 1 – бөлімін ұсынамын. Бұл сабақтар тек оқушыларға ғана емес, оқытушыларға да көп көмегін береді деп сенемін!
Алдағы күндері сабақтың жалғасы жүргізіледі. Назарларыңыз бізде болсын!

Ескерту: онлайн сабақтарды түсіруде қаржылық тапшылыққа байланысты видео сапасы нашарлау, оған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Сабақ жүргізуші: Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі, Қазбілім (kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын, журналист Аятжан Ахметжан.

«Алыстан келген ағайын» бағдарламасында

Асыл арна теларнасының «Алыстан келген ағайын» бағдарламасында журналис Бекарыс Нұриман порталымыздың бас редакторы, химия ғылымдарының магистрі, Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің мұғалімі Аятжан Ахметжанның елге сіңірген еңбегінің ұстаздық ағытын елге жарқырата ұсыныпты. Сайтымыздың жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» – деген ұстанымы бойыша үздік ұстаздың елеулі еңбегін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Біз еліміздің әр ұстазының ұстаздық жолында талмай еңбек етіп, еңбегі дәл осылай еленіп жүрсе деген ықыласымызды білдіреміз!

Қазбілім порталы ұжымы.

Жоғары оқу орындарына қабылдау мәселелері

Хабар арнасының жекпе-жек бағдарламасында мемлекеттік оқу гранттарының бөләну жағыдайы һәм жоғары оқу орындарына қабылдау мәселелері талқыланған еді. ҰБТ тапсырушыларға және мемлекеттік гранттың бөліну мәселелеріне өзіндік ой қосар баршаңызға ұсынамыз!

 

хабар  арнасы