Орталық ашу оңай ма?

Иә, бүгін білім беру орталықтары жаңбырдан кейінгі жауқазындай қаптап кетті, тіпті, білім саласына дым қатысы жоқ адамдар да білім беру орталғын ашып жатыр. Бірақ, бәрі бірдей бала санасына сапалы білім беріп, қалтасын қампайтып жатқаны жоқ, ашылған орталық қаншалық көп болса, жабылғаны да соншалық көп…

Кейбір адамдар орталықтардың көбейіп кетуіне алаңдаса, кейбір адамдар қуануда, сыраханалар мен түнгі клубтардың санына алаңдамаған талай қауым, білім беру орталықтардың көбеюін тежеу керек дейді… Нарық заңдылығын ешкімнің тоса алмайтынын ескерсек, дәл сол секілді, ешкім де жеке меншік оқу орталықтарының санына шектеу қоя алмасы анық. Білім саласында он жыл, оқу орталығын басқаруда бес жыл стажы бар азамат ретінде орталық ашу, жүргізу туралы кеңінен сараптама жасауды жөн көрдім. Жалғасын оқу…

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ТІЛГЕ ЕМЕС, БІЛІМГЕ БӨЛІНУІ КЕРЕК

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов талапкерлер биылдан бастап ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыра алатынын мәлімдеді. Шенділердің осы бастамасына қатысты KAZBILIM орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлын аз-кем әңгімеге тартқан едік.

– Талапкерлер биылдан бастап ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыра алады деді. Бұл процесс осы күнге дейін қаншалықты ашық жүргізілді?

– Талқыланған жоқ. Бұл осыдан екі жыл бұрын үш тілде білім беру бағдарламасы қабылданған кезде «болашақта ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің емтиханын ағылшын тілінде тапсыруға болады» деп айтылған. Бірақ жалпы жұрт ол кезде үш тілде оқыту мәселесін көп талқылап кетті де, ҰБТ мен ағылшын тілі мәселесі көлеңкеде қалып қойды. Бұл сол бағдарламаның заңды жалғасы. Сосын, мұның екі жағы бар. Дұрыс жағы – осы күнге дейін орыс тілінде ҰБТ тапсыруға рұқсат беріліп келді, онда неге ағылшын тілінде тапсыруға рұқсат бермеске? Үш тілде оқытып отырған соң солай болуы керек емес пе? Дұрыс емес жағы – барлық пәнді бір тілде тапсыру біздің жағдайда қиындау. Біз қазақ тілін білмейтін тағы бір буынды өсіріп шығаруымыз мүмкін. Қазақ тіліне деген сұраныс азайған үстіне азая түседі де, қазақша білмейтіндер ағылшыншаға ауыса салады. Жалғасын оқу…

«Ғылымды жоғалтпаймыз десек, пәндік олимпиадалар деңгейін жоғарылату керек»

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Республикалық «KAZBILIM» орталығының бірлесуімен химия пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды балаларды анықтау, оларды химия пәні олимпиадасына дайындау жолдары және аудандық, обылыстық олимпиада есептерін шығару әдістері» атты үш күндік кешенді семинар тренинг өткізілген болатын.Іс-шара барысында Республикалық «KAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжанмен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Шынайы өрілген әңгімені қаз-қалпында назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 — Аятжан аға, жалпы пәндік олимпиадалардың жас ұрпақ үшін маңыздылығы қандай?

— Біз балаларымызды ғылым саласынан, технология саласынан көргіміз келсе, пәндік олимпиадалардың салмағын арттыруымыз керек. Себебі, пәндік олимпиада, ол – ғылымның мектептегі ең алғашқы басқышы. Ғылымға деген ізденіс қалыптастыруға, ғылымның сырына үңілуге пәндік олимпиадалардың өте үлкен орны бар. Қазір әлем елдерімен қатар Қазақстандаүлкен-үлкен халықаралық компанияларда жұмыс істеп жүрген қазақ балалары бар. Олар кезінде Қазақстандағы пәндік олимпиадаларда, халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз болған.Әлемдік университеттің грантын жеңіп алып оқыған еліміздің олимпиада жеңімпаздары бар.Бұлар елімізде көп дәріптелмеген.

Жалғасын оқу…

2017 ның жыл жабары

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал, – демей ме дана Абай. Күнтізбелік жаңа жыл аунап жатқанда, өткенге есеп беріп, алдағы жылға жоспар құратынымыз бар, біраз жылдан бері… (өткен жылдардың есебі мына сілтемеден көре аласыздар http://aizere.kz/?p=685, әрине қызық болып жатса).
Сол дәстүрмен биылғы жылды да біраз саралап көрелік, жалпы жалдағы атқарған тірліктер мен атқарар жоспардың бәрі тікелей жұмысқа байланысты болуы есептің көп бөлімі Республикалық «KAZBILIM» орталығы жұмысымен тікелей қатысты болмақ…. Жалғасын оқу…

Пәндік олимпиада және олимпиадалық дайындық

Олимпиада десе, бірден есімізге әнұрандар асқақтаған спорттық олимиадалар еске түседі. Біздің айтпағымыз, бұдан өзге атағы мен даңқы, айбыны мен ауқымы одан аласалау болса да, маңызы одан кем қалмас ғылым бәсекесінің алғашқы әрі маңызды басқышы – пән олимпиадасы.

Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке. Жалғасын оқу…