ҰБТ нәтижесіне мектеп, оқытқан мұғалім жауап беруі керек…

Бүгін 2017 жылғы түлектер мектеп бітіру кешін тойлайды…
Бейресми ақпаратқа негізделгенде биылғы «Алтын белгіге» үміткер 6500 ден аса баланың 98% — дан астамы, яғни, 6300 ден астамы қорғапты…
Жылда «Алтын белгі» үміткерлерінің 45-50% -ы ғана өз білімін дәлелдей алатын еді…
Бұл мектепте өткен емтиханның шексіз «әділдігінің» дәлелі. Жалпы біздің менталитетте мектеп бітіру емтиханы мектептерге тәуелсіз болғаны абзал. Әйтпесе, білім сапасы түсетіні ақиқат.

Жалғасын оқу…

«Жұлдыз» — Біздің елдің ең басты ауруы!

«Жұлдыз»
Біздің елдің ең басты ауруы!
Бүгін бізде 18 миллион халықта «ЖҰЛДЫЗ» деп саналатын кемі миллион адам бар…
Өсіп келе жатқан кез келген баламен сөйлессең осы жұлдыз қатарында болғысы келеді… Мейлі таланты болса да, болмаса да…
Ал, ата-анамен сөйлесе қалсаң олар да балаларынан болашақ жұлдыз жасағасы келеді…
Мен, әуейі ел болып кетпедік пе? — деп ойлаймын үнемі…
Әрине, әр ата-ана баласының ел алдында сыйлы болып жүргенін қалайды, бірақ, сыйлы болудың жолы тек әуей болу ғана емес қой…
Өз салаңның білікті, үздігі бола алсаң кез келген салада беделді бола алатыныңды үйрету бала тәрбиесінде қаншалықты қиын болмақ? Жалғасын оқу…

БИЫЛ АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН…

ҰБТ-ның жаңа форматы биыл біраз өзгеріске толы. Жыл сайынғы өзгерістер баланың миын ашытып жібермей ме?

  • ҰБТ жыл сайын өзгеріп жатқан жоқ. Ұлттық бірыңғай тест 2004 жылы басталған басталғалы 13 жыл, сол өткізілгелі 13 жылда ешқандай өзгеріссіз келді, бір емтихан формасының 13 жыл тұрақты болуы, қолданыста болуы оның дамытылмауы үлкен кемшілік. Сондықтан ҰБТ-ны дамыту, оны өзгертіп жетілдіру білім саласын алға сүйреу үшін парыз. Сонымен бірге, әлемдік ғылым бәсекесінің, құндылықтардың, білімнің, техниканың дамуына қарай бейімдеу кезек күттірмейтін шару. Ал, түлек үшін 11 жыл ішінде меңгерген білімі мықты болса ол қандай емтиханға да төтеп бере алады, себебі, ҰБТ жаңа форматта болғанымен базалық білім бір стандарт, бір бағдарлама. Баланың миын ашытатын ҰБТ емес, жоқ жерден шоу жасап, сүрен салатын, сенцация іздеген ақпарат құралдары. Себебі, онысыз да көңілі қобалжулы түлекке әр ақпаратты бір таратып, олар қайсысына сенерін білмей дал болады.

Жалғасын оқу…

Аятжан АХМЕТЖАН: БІЛІКТІ МҰҒАЛІМ ЕШКІМГЕ ҚОЛЖАУЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

Білім беру саласының бірқайнауы ішіндегі «шала» реформалары қоғамның сынына ұшыраса да, билік тарапынан қолпаштауға ие. Осы ретте саланың жай-жапсарын жіліктей шағатын, білім беру саласындағы басты мәселелерді жасырмай айтып жүрген ұстаз Аятжан Ахметжан мырзаны сұхбатқа тарттық.

– Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен мамырдың 12-сінде республиканың барлық аймағында бір мезгілде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Мұндай жиын оқу жылының соңында өткізілуіне нендей себеп болды деп ойлайсыз? Білім реформасын ата-аналарға сіңірудің ғана амалы ма, әлде оның басқа да мақсаттары бар ма? Жалғасын оқу…

АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ НЕГЕ АРДАҚТАЛМАЙДЫ?

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Қай кезеңде де ұлтымыздың азаттығы жолында ұлы істер атқарған ұлыларды оқымай, олардың мұралары мен мұраттарын санасына сіңірмей өскен ұрпақ азаттықтың құнын ешқашан түсіне алмаған. Бүгінде осы ізгі дәстүрдің жалғасы біздің білім саласынан айшықты орнын таба алмай отыр. Ұлы істердің басында тұрған ұлт перзенттері, соның ішінде, Алаш ардақтылары тарихи биік бағасын, құрметін қалай алып жүр? Оқу орындары мен мектептерге ұлылардың есімдерін беру жұмысы неге кенжелеп тұр?

Жалғасын оқу…