АЯТЖАН АХМЕТЖАН

МҰҒАЛІМ

АҚЫН

ЖУРНАЛИСТ

БЛОГЕР

АЯТЖАН АХМЕТЖАН

МҰҒАЛІМ

АҚЫН

ЖУРНАЛИСТ

БЛОГЕР

Блог жазбасы

Кері ағыс (Өлеңдер VII бөлім)

Кері ағыс (Өлеңдер VII бөлім)

ҚАЙШЫЛЫҚ

 

Сөз жарысы іс кемшін,

Батыл ойлар, тек аузға түскен «шын»,

Қара қазан қайнтуға əлі жоқ,

Қар қатын сөз жарысқа түскен күн.

 

Сөзбен іс тым алшақ,

Шын дегенің өзгелерге жарамсақ,

Қуанышпен қайғы кетті алмасып,

Бұра тартып, тура ойларға бұрау сап.

 

Бойламай құр негізге,

Қойшылар жүр балықшы боп теңізде,

Мамандар жүр өз ісіне бара алмай,

Ғалым отыр күйсіз, үнсіз дəлізде.

 

Келешекке ой қалай,

Білмейді жұрт харекетке бойламай,

Сөз жарысы көбейтеді ездерді,

Бос даурықпа шын жігерді қозғамай.

 

Күндіз салқын, көрінеді түн ыстық,

Көп шулайды, бір қуанып, бір ұрсып,

Көптің сөзі заң болғанда айтылмай,

Талай ойлар іште өледі ыңырсып.

 

*** *** ***

 

Жүрегім жылуға шөлдеді,

Көз жасы көңілден көлдеді,

Қанды шел қапырық өрледі,

Тұншықты бірақ ол өлмеді.

 

Өлмейді өр көңіл періште үн,

Келмеспен келмейді керіскім,

Желкемнен мінсе де жеті мұң,

Көзімнен өшпейді өр ұшқын…

 

Мендік жыр, өздік үн, кездігім,

Алмастай жарқылдар кез бүгін,

Адамдық мінезім айбарлы,

Дұшпанның сүйе алман ездігін…

 

Оо, қасиет, тербетші мейірім,

Жетектеп кетпесін мені мұң,

Жүрегім сырласшы өзіңмен,

Досыма айналмас дойыр үн…

 

Келе ме мейірім, шын көктем,

Жанарынан жасымда бір өпкем,

Көрмедім балалығым кеткелі,

Секілді ек бәріміз бірге өскен.

 

Жүрекпен сырласшы сұлу үн,

Жұп жұмыр төрт тармақ сұлуым,

Сергітші бір өзің еркелеп,

Сыйпатпай кербездің «бұрымын»!

 

*** *** ***

 

Көктем сұлу,

Жойылып түн ызғары,

Жымыңдайды, жүректің жұлдыздары,

Жанымды бір сезім қариды əбден,

Ыстық оттай құбаның құмындағы..

 

Сағыныш секілді мұң жамылып,

Бір басылып жатады бір қағынып,

Боз даланың бораны кеуде керіп,

Жүректен жылыстайды жыр жамылып…

 

Көктемнің елесі шығар бəлкім,

Бой үйреніп барады бұған да əр күн,

Кеудеде жыр, төскейде қар көшкіні,

Туламаса өшпейді менің дертім.

 

Ех, жырадан қашқан жылаңқы су,

Көтеріп жатырма екен күнəңді бу,

Жердегі тоң, мендегі мұң қош айтады,

Көктемменен өтсе егер көзден сұлу.

 

Көктем сұлу көрінер жаз əдемі,

Бірақ бітпес сұлудың шын əлегі,

Бүр жарғаны ағаштың бақ болғанмен,

Сезімнің кеудеде өлер сірə демі.

 

Күнгейде жатпаған соң күн қыздырып,

Əр неге аңсар кетер бір бүлдірік,

Шын сұлу бір көктемді көрмедік ау,

Қаланың тірлігінен шын болдырып.

 

Солай рас құшпадық шын сұлуды,

Табиғат пен егіз дем күрсінулі,

Төгіп төгіп алатын өткіншідей,

Төгіп төгіп алайын шын сырымды.

Əттең!

 

 *** *** ***

 

Пенделігін жасырып талайлардың,
Періште санаменен сан ойландым,
Көз бөлек, сөз бөлек, тілде бөлек,
Ғасырға қамығумен қарайладым.

Кетігі бүтінделмес бұл пенденің,
Көшіне ілескенмен жыл керуеннің,
Ғұмыры екі аяқтының болғанменен,
Жүрірісі төрт аяқты сүрлеуі елдің !

Құбылса əр тарапқа заман дауыл,
Сананы емдемек маған да ауыр,
Сана толы үмітсіз афоризм,
Тұрмысы билейтұғын адам жауыр!

Қайтейін бұл тағдыр маған да бір,
Өзіне емес, артса егер заманға зіл,
Жолаушының таяғын ұстатады,
Өмірде жолы болмас адамға кіл!

Қайшылық дəл осылай өмір толы,
Адамға сабақ бермек өмір жолы,
Өз қолына алса егер өз тағдырын,
Пенденің даңғыл болмақ осы жолы…
Жетегінде кетсе егер соққан желдің,
Жетесіз ғұмырлардың өзі сорлы!

Taggs:
Пікір жазыңыз