ҰБТ нәтижесіне мектеп, оқытқан мұғалім жауап беруі керек…

Бүгін 2017 жылғы түлектер мектеп бітіру кешін тойлайды…
Бейресми ақпаратқа негізделгенде биылғы «Алтын белгіге» үміткер 6500 ден аса баланың 98% — дан астамы, яғни, 6300 ден астамы қорғапты…
Жылда «Алтын белгі» үміткерлерінің 45-50% -ы ғана өз білімін дәлелдей алатын еді…
Бұл мектепте өткен емтиханның шексіз «әділдігінің» дәлелі. Жалпы біздің менталитетте мектеп бітіру емтиханы мектептерге тәуелсіз болғаны абзал. Әйтпесе, білім сапасы түсетіні ақиқат.


Оның үстіне биыл барлық қортынды емтихан сұрақтары мен жауаптары толық интернетке тарап кетті… Бұлда бір жауапты мекеменің жоқтығының әсері… Мектеп саны көп, мұғалім көп, оны кімнің салып жібергенін анықтайтын орган жоқ…
Бұның кесірінен мектепте 3 ке оқып жүрген оқушының өзі емтиханды 5 ке жазып шықты… Ал, ҰБТ да солардың бәрі қортынды емтиханда алған бағасын мүлде ақтай алмайтыны шындық… (Бұның арты үлкен шу болады, ақтай алмауына кінәлі емтихан кезінде шексіз көмектескен мектебі мен интернеті емес, кінәлі ҰБТ болады)
ҰБТ — ны керемет деп отырғаным емес, оны тек адами фактормен жемқорлық, сыбайластық жайлаған біздің елде сәлде болса сол масқаралықтарға тосқауыл бола алатыны үшін қолдаймын.
Енді, жоғарыдағы істерге қарап отырсаң емтиханның да, «Алтын белгі» статусының да дым қадірі қалмады… Бұл үрдіс мектептегі білімнің қадірін қашырады…
Келесі жылдан бастап елдегі алтын белгі 10 мыңнан асып шығылса, қызыл диплом бітірушілердің 50% -ын құрап жатса дым таңғалмаймын… Бұл мектептердегі сауданы қыздырады… «Алтын белгінің» жоғары оқу орнына түсуге әсері болмаса кім жүгіреді, — деп ойлаудан шыққан дүние екені ақиқат, бірақ біздің балаларға керек болмаса да «Алтын белгі» ата-аналарға керек, менің балам алтынмен бітірді деген атақ үшін… Біздің қоғам атақтың қандайы болса да, лайықты, лайықсыз деген түсінікке қарамай жүгіре беретін дертке шалдыққан…
Тәк, мәселенің үлкені алда, біздің министрлік биылдан бастап ҰБТ нәтижесіне мектеп жауап бермейді, — деді… Қоғам жабыла қуанды… Дәл осы шешімге мен қуана алмадым…
— Платон – менің досым, алайда ақиқат одан да қымбат, — дейтін бе еді…
— Иә, мен қашанда әріптестерімді қолдаймын, қорғаймын, бірақ, ақиқатына келсек… ҰБТ — ны нәтижесіне не үшін мектеп жауап бермеуі керек, 11 жыл оқытқан баланың білім нәтижесіне мектеп те, сабақ берген мұғалім де, асыраушы ата-ана да жауап беруі керек… әйтпесе, орталықта бала таяқ жейді… (оны бәріңіз сезесіз деп ойлаймын).
Негізі әділ рейтинг керек, мектептер арасында әділ, шынайы РЕЙТИНГ болғанда ғана, білімді, өз пәніне жеттік, нағыз маман ұстаздардың беделі көтеріліп, мұғалім мәртебесі артады… Әйтпесе… сарғайғанның бәрі сәбіз… дегендей болса, көсегеміз қазір көгере қоймас….
Қазіргі жүйеде, шын әділдік бола ма? әлде… Мектепті бәрі үздік бітіріп ҰБТ да құлап жата ма? осы жағдайы қорқытады…
P.S. Мені талап жеу маусымы ашық, — деп жариялаймын… Не десеңіздер де, ҰБТ — нәтижесіне мектеп, оқытқан мұғалім жауап беруі керек… (Өз басым жауапкершіліктен еш қашпаймын!!!)

4424 рет жалпы оқылды 3 рет бүгін оқылды
No votes yet.
Please wait...

1 комментарий

  1. Абитуриент   •  

    Неге мұғалім жауап беруі керек? Қазіргі балалар әке шешесіне сенеді.
    Әке шешесі Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлері мен Аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне сенеді. «Сатылмайтын» комиссия жоқ, болу мүмкін де емес.
    Міне, ана екі «ведомостьтің» қызметкерлері іштегі баланың сұрағын сыртқа шығарып, сырттан жауабын алып кеп береді. Барлық жерде осындай.

    No votes yet.
    Please wait...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *