АЯТЖАН АХМЕТЖАН

МҰҒАЛІМ

АҚЫН

ЖУРНАЛИСТ

БЛОГЕР

АЯТЖАН АХМЕТЖАН

МҰҒАЛІМ

АҚЫН

ЖУРНАЛИСТ

БЛОГЕР

Блог жазбасы

Ертең ел баласын оқытар есі дұрыс мұғалім таппай қалар…

Ертең ел баласын оқытар есі дұрыс мұғалім таппай қалар…

Ұстаздық кəсіп, иə, мамандық дегенге мүлде келіспеймін… Ұстаздық болымыс шығар…
Кəсіпті, мамандықты ауыстыруға болады, ал, болмысты жоқ, ол өзіңмен бірге жаратылады һəм өзіңмен бірге өтеді…
Себебі онсыз өмірдің мəні жоқ…

Дүниенің ең рахаты да сол болмысыңмен өмір сүру, жаның қалайтын тірлікпен күн кешу…
Иə, күнде жексенбі жоқ, өмірдің (кəсіптің) бейнеті бар, ал ұстаздықтың бейнеті бүгін тіпті ауыр… бірақ қанша ауыр болса да, ол болмысың болса қоштаса алмайсың…
Ол үшін күйесің, шырыладайсың… Үйіңе қонақ келсе баласына ақыл айтып кетесің… ол біздің болмыстағы «ауыру»… Мен сол «аурумен» ауырғалы 8 жыл… Əлде біреулер «емдегісі» келді… бірақ, қанға өтіп кеткен ауру жазылама? Кетеді солай… оның емі бала кезіндегі қуаныш… оны сезе білу болмыстағы қасиет…
Басқасын қайдам ұстаздыққа тосыннан келуге болмайды, ол өзіңнің ғана емес, бір ұлттың бір буынын ойрандау болмақ…
Адам пендесінің бəрекелді сүймейтіні жоқ дейді, хакім Абай…
Иə, сол бəрекелдіні сүйгіш пенде болғандықтан да шығар, бүгін ешкім алқамайтын қауымға айналған ұстаздықтан қашатындар көбейді, бірақ, ұстаздың рахаты болашақта, өз шəкіртің белесті бағындырғанда… тым құрығанда сыртынан менің шəкіртім еді деп марқайып отырасың…
Иə, бүгін болмысыңда ұстаздықтың нышаны болмаған аутсайдерлер көбейді… ол неге көбейді… себеп көп, бүгінгі Қызылордадағы жағдай… соған бір себеп…
Атам қазақта өзіңді өзің құрметте, жат жанынан түңілсін, — деген сөз бар… Ұрпағымыз ұлағатты болсын десек, ұстазымызды сыйлайық…
Ұстаздың жағасына жармасқан бір оқушы тоқтата алмай, 35 жыл өмірін мектепке арнаған ұстазды нақақ жаламен 10 жылға соттатып жіберу, сол ауылдың жұртына, сол елдегі ел ағаларына да сын болар…
Ертең ел баласын оқытар есі дұрыс мұғалім таппай қалар, сол кезде өкінбесек игі еді…
Ертең талапты, талантты бала мектепке қайта оралып ұстаз атын емденсін десек бүгін өмірін арнаған ұстазға арашашы болайық ағайын…
Əне, ақыл айтып кететін əдетім… ұстаздық ауру ғой, кешіріңіздер…
Талапты ұстаздан талантты шəкірт шықпақ, сіздер қағаз сұрай беріңіздер «Қағазбас» жүйе… Қорланып жатқан мұғалімде жұмыстарыңыз болмасын(((
Біз сабақ берейік…
Жə, көп сөз — б.. сөз… ақыл айту ең оңай жұмыс… сабағыма кеттім…

Taggs:
Пікір жазыңыз