Шексіздік (өлеңдер VIII бөлім)

*** **** ****

 

Көңілім шексіз көл теңіз, 
(Нөмірім сексен нөл сегіз,) 
Шексіздікке ұмтылған, 
Көңілге түспес ерте күз, 

Сағындырдың ерке қыз,
Көңілдің сырын шертеміз,
Махаббат мәңгі ертегі,
Кейіпкерісіз сенсеңіз…

Бəйшешек қырда қырмызы,
Қырдың əсем гүл қызы,
Көңілге көктем сыйлаған,
Жүректің тентек жұлдызы…

Санаға сəуле нұр құйған,
Ыңырсиды ылдида əн,
Сезімнің үні асады,
Қыран аспас құз қырдан!

Сезім егіз, серт егіз,
Көзде толқыр көл теңіз,
Жүректі жай жаулама,
Іш бауырды өртеңіз,

Сезімге егер сенсеіңіз,
Сенімге ырық берсеңіз,
Махаббат ғалам он сегіз,
Шексіз белгі нөл сегіз…

Шексіз сүю шын бақыт,
Шекті өмірге келсеңіз…

 

СОРҒА АЙНАЛҒАН БАҚ

Хəнтəңірдің бауырына жамбастап,
Көзін салып биігіне мәңгі аппақ,
Ауыл жатыр сырын бүгіп ішіне,
Ағаяздың самалымен мәңгі асқақ!

Бөрі тағдыр, білдірмей итке аштығын,
Бедерлеп Тəңір тауға бір жастығын,
Бір ауыл тұр жусаны сарғаймаған,
Адасып жүр кісінеп бір жас құлын.

Жасыл жусан, иісі бірақ оның өзгенікі,
Жалғыз құлын келеді сиыр оны емізгісі,
Тағдырлар астаспаған табиғатпен,
Самырсынға ұя сап теңіз құсы.

Тұрсадағы төбесінде сөнбес күн,
Дертін бірақ түсінбейді енді ешкім,
Жанарлар жарқырайды нұр шашып,
Жүрек жатыр күйін кешіп өлместің.

Ойланып үлгермеген бастар əлі,
Шырқалып түгемеген мастар əні.
Ана отыр тербетер бесігі жоқ,
Жанары жасқа толып жас балалы.

Бұл мен туған ауыл асқаралы,
Баулыған мені емес басқаларды,
Қонағы билеген бұл мекенді,
Күнбиге қыз берген жұрт басқарады!

 

*** **** ***

Е, өмір,
Күңгірт сəуле, күңгірт қайғы, күңгірт мұң,
Алдың тұман, артың дауыл күңгіртсің,
Даңғаза шу, ерсі күлкі, ессіз күй,
Тып тыныш боп тыншымайды мимырт түн…

Аласапыран ақ боран, тұман дала,
Ертең болжам, бүрсүкүн күмəн ғана,
Жұлдыздар жылайды көк аспанда,
Тек риясыз күледі туған бала…

Бейбіт күн, азат сана, бейбіт тірлік,
Адамдардың ұраны бейбітшілік,
Əлем бізге қарайды тыныштық деп,
Бірақ біздер асықпай шай да ішпедік…

Шалқалап бір жатпадық қиял сүріп,
Жетелеп бір əумесер былайша үміт,
Екі езуге зорлықпен күлкі жыйып,
Ал өмірді келеміз жылай сүріп…

Біз өзі кімдерміз түсінбедім,
Түсінбеуден қалды бір құр сүлдерім,
Шыбын тепкен секілді өзгелерге,
Шабытыммен алысып күрсінгенім…

Сүрініп кеп сүйектен өткен сөзге,
Сабыр табар сын сағат жеткен ілезде,
Шаттығымды жаза алмай қош айтармын,
Шабытым мəңгі ұйқыға кеткен кезде…

**** **** ****

 

Сен бақыттысың, өзгеден ерек тым,
Өйткені сен өзгедерден бөлексің,
Сенің ғана бақытыңа бұйырған,
Өте қымбат бақыттар бар керек шын!

Сезесің бəлкім, оны мәңгі сезбессің,
Қайталамас оны бірақ енді ешкім…
Бақыт деген мезеттердің елесі,
Өмір қымбат, болсадағы өлмес мұң!

Ынтық жанның құшағында бұлқыныс,
Шын бақыттың елесі еді бұл тыныс,
Үнсіз ғана сүйіседі жүректер,
Түн секілді тып тыныш!

Тыныштықты таң бұзады жарқырап,
(Кейде пенде бұзады ғой қорқып ақ,)
Таңғы жарық тамаша деп жатады,
Шын сезімнің қас жауы екен ол бірақ.

Екеудің ғана естілетін тынысы,
Екеудің ғана шын бақыты түн ісі,
Екеу ғана сол бақыттан дəм татқан,
Өзгелердің болмасын деп жұмысы…

Сүю бақыт өмірге ол өң берер,
Сүйісуге не бар еді тең келер,
Өлтірді ғой талай гүлдің тағдырын,
Үзіп алып искеймін деп пенделер

Үзуге бірақ асықпайды сүйгендер,
(Үйлену деген гүлді үзу білгенге ей,)
Шын бақыттың шексіз құны бір сүйіс,
Өз бақытың өзің ғана жүрген жер…

14429 рет жалпы оқылды 33 рет бүгін оқылды
No votes yet.
Please wait...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *