АЯТЖАН АХМЕТЖАН

МҰҒАЛІМ

АҚЫН

ЖУРНАЛИСТ

БЛОГЕР

АЯТЖАН АХМЕТЖАН

МҰҒАЛІМ

АҚЫН

ЖУРНАЛИСТ

БЛОГЕР

Блог жазбасы

Тағдырым биік Хантәңір (өлеңдер IX бөлім)

Тағдырым биік Хантәңір (өлеңдер IX бөлім)

*** **** ***

 

Тағдырым биік Хантәңір,

Талабым таудай сонша дүр.

Талғамым өр-ді талайдан,

Тағы боп кетсем, сәл сабыр.

 

Еңсемді тіктер құзар шың,

Тарихым дүр Ер Тұран.

Теңізден ғана ұғарсың,

Өр толқын мінез толқыған.

 

Еейй, асқар таулар,

Асқақтығыңды сағынам,

Басыңда жатса да ақ қар,

Биіктікке ғана бағынам.

 

Көңілі көкке ұлыған,

Бөрі тағдырға ұрынам,

Екі ұртының бірі қан,

Жыртқыштық көрме мұнымнан.

 

Тағы боп кеткен тағдырым,

Шыңдарда ғана түнеген,

Таусылмас сірә мағдұрым,

Бассам да қасат тізеден.

 

Ақбас шың қадірлі, ізі жоқ,

Хантәңір — сағыныш, сызы жоқ.

Еңсесін бастырмас ешкімге,

Екеуінің кетем ұлы боп.

 

Бассам да ғұмыр жалғанын,

Табиғатымды өзім талдадым,

Періште боп келдім өмірге,

Пенде боп кетпеу арманым.

 

Құралай Амангелдіқызына:

 

Жазбаймын ода ешкімге сірəда мен,

Озып бір тұрмаса егер құлагерден,

Жазымыштан мінезім солай еді,

Жаратылыс бір Алланың сынағы өрген!

 

Бойында кесек мінез туа келген,

Даналардан бұл күні көзім көрген,

Дарасы, шығар биік, шыңы бөлек,

Ойы озатын жарысса сірə желден.

 

Тұлғасы талғамдының табысы анық,

Басында ұстап алған бағыт алып,

Бабында қамал бұзар дүр ғұмырдың,

Басында жата берсін бағы жанып.

 

Үйде ана, түзде дана, ұлтқа тұлға,

Ұлға ұлағат, қызға инабат, жұртқа сырға,

Қаңтардың мінезіндей қаһары бар,

Қайтпайтын созылса да қыс ғасырға!

 

Қазақтың қайсар мінез қызы анық,

Беретін талай жасқа жұлдыз жағып,

Жасыңыз жүзге жетсін жұрт ұстазы,

Ұлт ұстазы болыңыз рух дарып.

 

Туған күн құтты болсын, жұрт тойласын,

Қазақтың бар ұрпағы ұлт тойласын,

Ұядан ұшырған ұрпағыңыз,

Қыран болсын басына құт қонғасын!

 

 

Түңілген жігітке

 

Ойың онға бөлінген санаң санға,

Талғам салып қарайсың талай жанға,

Адамды тезге салар тағдыр болса,

Тәңірдің талғамына көп ойланба.

 

Әр адам да өз билігі, өз биігі,

Көзге ұрып тұрады өз күйігі,

Пенденің адасқаны менше ойла деу,

Ашу дұшпан шығады сөз бұйығы.

 

Пендеміз бәрмізде періште емес,

Кесім айтар тұсыңда тегіс кеңес,

Жігітке сөз қадірі, өз қадірі,

Менмендік биік те емес жеңіс те емес.

 

Өзіңді қорға балау немесе зорға балау,

Білмедім жігіттікке жөн болармау,

Адамға шын сырды ұқтырады,

Сөзге емес қай қашанда көзге қарау.

Басыңды көтерерсің батыл бірақ,

Аларсың сабырменен ақыл құрап,

Әр істің ақиқаты биігінде,

Биіктен құламағын текке «жылап»!

 

 *** **** ***

 

Ана жан сырласушы ек ұзақ түн,

Талай талай сырларыңды ұзаттың,

Ұшам деп ем қанат қағып алысқа,

Бір ұлы бол деп бата бердің қазақтың.

 

Сол батаңды бүгін жүрмін түсініп,

Артымдағы бауырды ойлап күрсініп,

Бір балаңды жеткізсеңде арманға,

Өзге балаң жатыр әлі тұншығып.

 

Ауыл қалды, туған жер бауыр қалды,

Тәңір тауды қимай жүрек ауырған-ды.

Қарт анадай шерін төгіп өксіген,

Сіркіреп Өртекесте жауын қалды.

 

Көп болды ана басыңа бармағалы,

Көп болды ана әке қолын алмағалы,

Ауылда біз жұтатын шаң қалмады,

Көп болды ана туған жер жат болғалы.

 

Баталы балаң бүгін бақыттарақ,

Алады келген жұрттан сарқыт сұрап,

Сәлемі келгенменен орамалда,

Бауырды жат етеді уақыт бірақ.

 

Ана жан сырласушы ек талай түн,

Сағынышпен суретіңе қараймын,

Немереңіз келсе егерде ағалап,

Ағалыққа мен де бүгін жараймын.

 

Әй, бірақ,

Бір өкініш, бір үміт, бір ақ қайғы,

Қиын екен өзгеше мұрат та әлгі,

Аласапыран аяқтап Ағаязда,

Ағалар қашан келіп тұрақтайды?

 

*** **** ***

 

Мені біреу сағына ма кім білсін,

Мен біреуді сағынамын бүлдіршін,

Ғұмыр деген жүректердің соғысы,

Сол соғыстан жеңілетін күн құрсын.

 

Менің атым АҚЫН болса сезімтал,

Оның аты кербез сұлу, керімсал,

Екі бақыт тоғысады бірақ та,

Жүректерге сыймай жатыр өмір тар.

 

Тар қапастың тағдыр тартып есігін,

Естелікке жазып жатыр есімін,

Сағыныштан жасалады махаббат,

Сағыныштың айтыңдаршы өші кім?

 

Бәлкім аты сол бәленің қызғаныш,

Бөлек сезім әйтеуір бір жүз таныс,

Сезім деген бұл өмірдің шын мәні,

Сағынбасаң
Көктем де алыс, күзде алыс.

 

Ұя салса кеудеге кеп бір бақыт,

Алма жаным сол сезімді мұздатып,

Ертеңдерге кесім айтар ешкім жоқ,

Өз орнына қояр бәрін бір уақыт.

Сағыныш!

 

 

*** *** ****

 

Анаға дұға бағыштап,

Басына бір ақ бара алмай.

Әкеден кеттік алыстап,

Хәлін де сұрап ала алмай,

 

Атадан алтау туғанмен,

Көргенім бір жалғыздық.

Жаныма жақын жуғанмен,

Түсінесің бе заман әңгүдік,

 

Шекпен киіп тұрғанмен,

Шекара сызды кеудемді,

Жағамды сүртіп тұрғанмен,

Жақыным жыртты жейдемді.

 

Запыран құсып налалы,

Замана қалды ау мәңгіріп.

Жанымды мынау жаралы,

Түсінесің бе сірә әңгүдік,

 

Жанымды етсе жаралы,

Көкбөрі талап арман жоқ,

Жақсы деп жисам бағалы,

 

Жаныма қорған болған жоқ.

Жүрген бір жандай сезеді,

Қабаған иттей қаңғырып,

Жанымды қайғы жеңеді,

Солғындап өшер бағзы үміт.

 

*** **** ****

Мазасыз бір түн, өтеді өзіңсіз,

Хат хабар жоқ, жатады тек үнсіз,

Жел ғана гулейді далада,

Сезімдей жанымды қариды төзімсіз.

 

Махаббат жоқ, әлде ғашықтық,

Білмеймін, білдіртпейді әсте жасықтық.

Менікі жай ғана сағыныш дей салам,

Сенікі не екен, білуге асықтық.

Мүмкін…

 

Өмірдің өзі мәңгілік жұмбақ-ты,

Тамырын оның кім тауып басыпты,

Жүрегім сүюден жасқанып,

Ал көңіл сағынып, көруге асықты.

 

О, ғажап, махаббат сен бе едің,

Таппадым елесін өзгенің,

Мен сірә сезімге төзбедім,

Сен сірә, ештеме сезбедің.

Бәлкім…

 

Кербез қыз қартайғанын сезбейді.

Бір қыздың Фб дағы жазбасынан.

 

Қартайдым деме,

Сұлу да қарттық бола ма,

Межелі меже,

Ай мезгілсіз тола ма?

 

Он сегіз кетпес,

Сезіне алса көңілден,

Мәңгілік өтпес,

Сыйластықтар ғана өмірден.

 

Жұлдыздар аспанда,

Өміріңді бөлейді жарыққа,

Өзіңді аңсап жатқанда,

Аларсың бәлкім танып та.

 

Ол ғұмыр,

Ал біздікі ертегі елестер,

Жер жұмыр,

Күтеді талай белестер.

 

Сендік еместер,

Үнсіз қап жатады мәңгілік,

Ақылды кеңестер,

Келеді өзі сән құрып.

 

Бақытты боласың, Қымбаттым,

Қымбатты боласың бір күні,

Бағыңа қонасың, сымбаттым,

Бақытқа бөленіп бір түрлі.

 

*** *** ***

 

Жүзі жылы,

Ғұмырдың өзі ұлы,

Пенде емес,

Періштенің өзі — Гүлі.

 

Төрт сөз,

Сезімге өрт сөз.

Жетеді оған,

Қажетсіз көп сөз.

 

Бір жан бар,

Тым аңғал,

Көзінде сезім,

Ал, өзінде күмән бар.

 

Бай емес сөзге,

Жанға менен өзге,

Әзілге басым,

Салғысы келеді тезге.

 

Мінсіз сымбат,

Өзі қымбат,

Жазылмаған өлең,

Шешілмеген жұмбақ.

Кім бұл!)

 

*** *** ****

 

Дүрсілде кеуде дүрсілде,

Іркілме әсте іркілме,

Жаяды жүрек алақан,

Жұрттар оны білсін бе?

 

Бағасы биік бармақтың,

Сезімнің сырын алмақпын,

Мен бастадым сырлы үнді,

Жалғасын жазшы тармақтың.

 

Шаршама бірақ шаршама,

Өмір ортақ баршаға,

Көңілдің түлеп ұшқаны,

Жұмбақ емес соншама.

 

Періште емес пендемін,

Өлеңнен өрнек өргемін,

Түсініп бәрін отырсыз,

Сезгірлігіңізді сезгемін.

 

Тереңге кетпе тым ұзап,

Аларсың бәлкім бір мызғап,

Сырласып қана отырмын,

Жыр айтпаймын түн ұзақ.

 

Астарлы боп кетті ме,

Ойларым ойды мазалап,

Жүрегің селт еттіме,

Өлең тілі ғажап ақ.

 

Түсінесіз бе сол тілді,

Шығарасыз ба қортынды,

Қалғаны саған аманат,

Көңілдің сыры шертілді.

 

*** *** ***

 

Алматы түн,

Еркелетпейді мені,

Ескеріпте қоймайды ешқашан,

Есіне алмайды бәлкім,

Отына күйіп жатпасаң…

Алатау биік адамдық елес секілді,

Арыммен ғана алысам, арыммен ғана соттасам,

Ажалдың үні келсе егер терезе қағып,

Адамдармен мен де қоштасам)

 

Аялдама, өмірдің өзі бір бекет,

Қараңғы жарық алмасқан,

Сәби мен кәрі сезімдер ғана алжасқан,

Ал менікі,

Менікі биік алдаспан.

Таңғы шапағы тағдырлармен жалғасқан.

 

Біз жалғыз емеспіз,

Өмірде емес сұр бойдақ,

Пенделер ғой, түге жататын тағы айғайлап,

Таң менен тағы кеш егіз,

Тағдыр ащы, тәтті бірақ бал бармақ,

Сезім ғана,

Сезім ғана тәттілерге алданбақ.

 

Еее, Алатау шыңың да биік, өзің де биік,

Кербез тым,

Биіктермен ғана келеді менің елдескім,

Сезесің бе сен мені,

Келеді менің құзар шыңдармен кездескім.

Келеді менің алыптармер ғана белдескім.

Хантәңірдің баласы ем қабағы қату,

Алатау негізі мен сенімен жерлеспін.

 

Алматыға Алатау,

Құс жастық, мәңгі жайғасқан,

Оларда егіз, тағдырлары жалғасқан,

Әдемі еді, елемесе мейлі мына түн,

Өзімен өзі үнсіз ғана сырласқан.

Қалам қайда, жазайыншы жыр дастан,

Өмірдің өзі қас сұлу,

Пендемен емес,

Өзгемен емес, менімен ғана қолдасқан.

 

*** **** ***

 

Сезім деген ұлы күш,

Бағынбас суық ақылға,

Сезімнің сен уын іш,

Сезбейсің балдан парқын да.

 

Оның ісі тым жұмбақ,

Асқақ оның айбыны,

Таң шапағы нұрды ұрлап,

Шексіз шетсіз айдыны.

 

Қарымы күшті ұлдың да,

Сезімнен кеткен қатесі,

Иманы күшті құлдың да,

Ұсталатын сәті осы.

 

Сезім деген селкеусіз,

Ол жүректің дүрсілі.

Бұл ғұмырда ерке осі.

Түзеуге келмес бір сыры.

 

*** **** ***

 

Әппақ көңіл, әппақ сезім, ар әппақ,

Дәл сол ардан туғандай бір қар әппақ.

Пәк көңілді сүйгенімді бақ санап,

Мен отырмын күнделікті парақтап.

 

Мен пендемін, секілденді ол періште,

Періште ғана нұр шашады келіссе.

Пенделіктен кетсе адам алыстап,

Жалған ғұмыр шығады екен теріске.

 

Тоғыса алса шын сезімдер мүлтіксіз,

Табысады тағдыр мәңгі кіршіксіз.

Жақын үшін таудай алып болсақ та,

Тағдыр үшін кіп-кішкентай бүршікпіз!

 

Тау бол, мейлі, тас болсаң да түйіршік,

Кеудеңде бір жұмсақ ет тұр ысып,

Махаббатсыз маңғаз тірлік қайда бар?

Жатасың тек шеке, басың құрысып.

 

Жырдан моншақ төгіледі күлгенде.

Ағынан бір ақтарылып жыр кеуде,

Көз алдымнан кетпейді ғой бір мүсін,

Періштеге айналады көзімді мен ілгенде.

 

*** **** ****

 

Кеудедегі жүрегім,

Кең дүние тірегім,

Бақыт сонда білемін!

Өзіңді мәңгі сүйемін!!!

 

Еркеле мәңгі еркеле,

Жүректі отпен өрте де,

Жаныммен егіз жанарың,

Бақытыма серт еге!

 

Болмасын баста уайым мұң,

Еркелетуге дайынмын,

Күн боп орна қасына,

Басымдағы Айымның.

 

Түсінсе жәйін хәлімнің,

Ол да болар дайын күн,

Шаттық жырын жолдаса,

Айығар бәрі уайымның.

 

Таңғы жарық, жыр сәуле,

Екеуміз жүрміз бір хәлде,

Бағымның құсы екеніңді,

Бақытым болып дәлелде!

 

Аятжан Ахметжанұлы.

Taggs:
Пікір жазыңыз