АЯТЖАН АХМЕТЖАН

Ахметжан Аятжан

1986 жылы 18 шілдеде ҚХР, ШҰАР, Мұңғұлкүре ауданында дүниеге келген. 2006 жылы атажұрты Қазақстанға оралып, 2006–2007 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дайындық курсын, 2007-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары, химия (бакалавр) факультетін бітірген, 2013-2015 жылдары аталмыш университеттен химия ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасының иегері, жоғары санатты химия пәні мұғалімі, «Қазбілім» (kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын, журналист.

2010 жылы «Еркіме көнші, ей, өмір!» атты жыр жинағы; 2016 жылы «Мінез» атты жыр жинағы, «Ұлт болам десең…» атты мақалалар жинағы, «Химия жаңа форматты тесттер жинағы», «химия 8 сынып есептер мен жаттығулар жинағы», 2017 жылы «химия олимпиада есептері мен шешу жолдары» атты әдістемелік құралдары жарық көрген. «Шығыс шынары», «Алып қарағаш» атты жыр жинақтарына өлеңдері енген. Білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты үнемі қалам тербеп келе жетқан ұстаз.

Республикалық, облыстық, қалалық мүшәйралардың, ақындар айтысының жеңімпазы.

 

No votes yet.
Please wait...