Баланың бағын байлаған баға

Мектеп өмірінде кімдер 5- ке оқыды, кімдер 3 -ке оқыды ол әркімнің өзіне аян, бірақ бүгінгі ұрпақ нешеге оқып жүр? Тоқсанның соңы – ата-ана бала үшін, бала баға үшін алаңдайтын арпалысты шақ. Арпалысты шақтың басты тұлғасы – ұстаз, «екі түйе соқтығысса, ортасында шыбын өледі» демеуші ме еді?! Әкімшілік пен ата-ана арасында шырқыраған ұстаздардың ұстаздықтан түңілер, қорланар шағы. Ал, оқушылардың ата – ана алдында жауапқа тартылар, әйтпесе, сыйлық алып, мәз болар шағы, мұғалімге жаутаңдар кезі.

Жалғасын оқу…

БІРІНШІ БӨЛІМ. ШЕРІМДІ ҚОЗҒА…

 

 Е-е, МЕНІҢ ТУҒАН ЖЕРІМ…

 

Е-е, менің туған жерім

Тұлпарлар кезген мекен ең,

Балалық шағым сенде өтті.

Қазақпен қайсар етене ең,

Ол күндер қайта келмес-ті.

Жалғасын оқу…

оқулық олқы болса оқушы қайдан оңады?

Әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлттың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» -десе, ұлттық танымның ұлы атасы, алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Балаңды ұлша тәрбиелесең, ұл болып өседі, құлша тәрбиелесең, құл болып өседі» – деген екен. Ал “Бiз бүгiн кiмдi тәрбиелеп жүрмiз?” деген сұрақ, қазақ азаматы ретiнде менi жиi толғандырады. Толғандырып қана қоймайды, ойымды онға, санамды санға бөледi.

Жалғасын оқу…

Авторлық сайт неге Айзере.кz деп аталды

Бүгінгі қоғам — ақпараттық кеңістіктің кеңге жайылған тұсы, бұрын он мыңдап тиражбен кітаптар шығарып, оқырман жұрт сұрап жүріп оқитын еді. Әйтпесе, бір газетте, иә журналда жақсы дүние жариялана қалса, сұрау салып іздейтін еді біздің жұрт. Ал қазір ше?

Жалғасын оқу…

ШЕКСІЗДІК (хикая)

 

ТОЛҒАНЫС

Жастық шақ – адам өмірі әр ирімге бір салар асау дарияның ең тасыған шағы. Достық, махаббат сынды екі алып сезімніңде әр қиырға тартар, өз әлінше билетер шағы. Бұл кезеңде ара жігі шексіз қабысқан екі сезімді әркім өз әлінше бағамдар.

Егер сіз махаббатты ұлы дерсіз, оны Оқжетпестің көз жетпес шыңына теңерсіз, ал мен достықты Хантәңірдің биік шоқысына теңер ем; Ал сіз махаббатты көз ұялтар гауһарға теңесеңіз, мен достықты тат баспас алтынға теңер ем; Ал сіз махаббатты аршаның жасылы мен раушанның қош иісіне теңесеңіз, мен достықты қарағайдың қайсарлығы мен ақ уыздың дәміне теңер ем.

Жалғасын оқу…