«КВАРТИРАНТТЫҢ» АРМАНЫ

Қаладан қыстау іздеп жүрмін…

Қазақтың кешегі дәуірдегі көктеу, жайлау, күздеу мен қыстау атты ұғымдары санамызда бүгін қайта жаңғырды, бірақ басқаша болып. Неге демеңіз, бір апта болды ғаламтор беті мен жарнама газеттерін тінтіп отырмын, іздегенім — қыстау, қыстау болғанда, отарлап мал айдап, жамбастап жатып соғым жейтін емес, құшақтап, баламды алып, қысылып қыстан шығатын, жалдап алып, жалақының жартысын беретін қыстау, бірақ таптырмайды- ау, шіркін! Жалғасын оқу…

ЕКІНШІ БӨЛІМ. КӨҢІЛ МҰҢЫ

 

                            КЕШІР, ӘКЕ

 

Сен әке,

Өкпелеме мынау жас елге,

Тентегі бар оспадар.

Қаны бар қазақ осы елде,

Дұшпанға қатал, досқа адал.

Жалғасын оқу…

БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұлтының ертеңін ойлаған жан ұрпағының бүгініне қам жасары хақ. Ұлы Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін, ол – білім» десе, атам қазақ: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демеп пе еді?! Біз бүгін өзгеден оқ бойы озбасақ та, артта қалмастай теңестік пе? Бүгінгі ұрпақ білегімен емес, білімімен қаншалықты белдесе алады?

Жалғасын оқу…

Басынан шіріген бастауыштық жүйе

Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл – Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі – сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі – Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі – сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі.

Жалғасын оқу…

ҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Патша қанша жерден ақымақ болса да баласының ұстазының алдын кеспейді, — дейді ежелгі гректің ғұламалары. Ал, қазақта бұны «алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі,» — деген Мағжаннан асырып айтпаспыз… Бірақ, бүгіннің көзімен һәм сөзімен толғақты мәселені жіліктегенді жөн көрдік…

Сөз басы Жалғасын оқу…

ТУЫСҚАННАН АЙЫРМАШЫ, ТУҒАН ЕЛ!

«Елге ел қосылса – құт, елден ел айырылса – жұт»,- дейді халық даналығы. Біз тәуелсіз күнде неге жұтқа тап болдық?..

Көші-қон саласы кейінгі кездері күнде бір бұйрық, күнде бір тармақ қосылған құжаттардың кесірінен тоқтады. Тоқтады демей не дейік, ең соңғы нүктені қазір Қытай елшілігі қойып отыр. Айталық, басынан бақайына дейін тек қағаз сөйлеткен бүгінгі қоғам тұсауды, қазақ санын тежеуді кезінде Қазақ еліндегі жан санын қазақты шақырумен көбейтсе, дәл бүгінгі күні соның кері жағдайы.

Жалғасын оқу…