«Əлиханша айтсам: Қазақ баласының білім алуына қызмет қылмай қоймаймын»

Өткен аптада ақындығы бір төбе, айтқан ойлары қоғамда түрлі пікір туғызып, талқыланып жүрген, журналистік қыры да бар, химия пәнінен дарынды балаларды тәрбиелеп жүрген, елордадағы республикалық KazBilim орталығының басшысы Аятжан Ахметжанның жаңа үш кітабы жарыққа шықты. Талантын таза жолда ұстауды мұрат етіп, уақытын адал еңбекке жұмсап жүрген азаматтың өлеңдер жинағы «Мінез» деп аталса, білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі турасындағы таңдаулы публицистикалық мақалалары «Ұлт болам десең…» кітабына топтастырылыпты. Ал үшінші кітабы ғылымның төресі — химия пәнінің 8 сынып оқушыларына арналған есептер мен жаттығуларға арналған. Қытайдан атамекеніне оралған азаматпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Аятжан мырза, туған елге оралған 10 жыл ішінде еліміздің ағарту саласындағы қандай жетістіктер мен келеңсіздіктерге куə болдыңыз? Жалғасын оқу…

Жыл есебі-2016

2016 жыл өз өмірімдегі уақыттың жетегінде жанталасқан тек еңбек ұстанымында өткізіп күнтізбелік парақтың 2016 дан 2017 ге ауысқанын сезбей қалған ең бір аласапыран жыл болды. Ел қатарлы жылға қортынды жасап көрелік…

Жалғасын оқу…

Пән олимпиадасы

Кешегі уәдем бойынша пән олимпиадасы туралы әріптестердің сұрақтарына толық ойымды айта кетейін…
1. Аудандық пән олимпиадасы неге екінші тоқсанда?
Ж: Бұл уақыт талабы, бізде бұдан басқа уақытты шегеруге жол жоқ. Себебі, Халықаралық олимпиада уақыты халықаралық пән олимпиадасы комитеті жағынан сәуір айының аяғы мен мамыр айының басқы уақытына, дүниежүзілік пән олимпиадасы шілде айына белгіленген. Яғни, сәуір айының басына дейін республикалық құрама жасақталып бітуі керек, сондықтан бізде республикалық пән олимпиадасы наурыз айының ортасында өтіп жеңімпаздар құрамаға қабылданады. Соған сәйкес, облыстық олимпиада қаңтар айына, аудандық олимпиада желтоқсан айына, мектепішілік олимпиада қараша айына белгіленген. Бұл, дарынды балаларды тәрбиелеу және жетілдіру методикасына сай қойылған. Яғни, әр кезеңнің олимпиадасының аралық уақыты бір айдан қысқа болмау керек. Жалғасын оқу…

Аятжан Ахметжан. Санды арттырып сапаны түсіріп алудан қорқамын

  • Құрметті, Аятжан Ахметжанұлы, орталықтың жұмыс жасап жатқанына қанша уақыт болды? Ашуға белгілі бір себеп болды ма?
  • Жалпы өзім қосымша білім беру бағытында жұмыс істегелі төрт жылға жуықтады, бастапқы кезде оқушыларға және мұғалімдерге арналған семинар-тренингтерді, мастер кластарды мектептердің, білім бөлімдерінің өтінішімен шақырған жерлерге барып өткізіп беріп жүрдім, кейін магистрлік жұмысымды дарынды балаларды анықтау және оларды тәрбиелеу бағытында қорғадым да, бұл бағытта Қытайда және Чехияда іс-тәжірибеден өттім, олардың жүйесін көріп толық танысқан соң бұл істі жүйелендіру, орталықтандыру деген арманым болды. Оның үстіне республикалық, халықаралық деңгейде жетістіктерге жеткен шәкірттерім шабыттандырды, неге осы бағытта ұлттық үрдіс салмасқа деген ой осы жұмысты тіклей айналысуға алып келді.

Жалғасын оқу…

БІЛІМ САЛАСЫНА РЕФОРМА ЖАСАУ ОҢАЙ, ОҢАЛТУ ҚИЫН…

  • «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы не білесіз? Бұл туралы сізге қандай мәліметтер жеткізілді?
  • Мен өзім Қазбілім (kazbilim.kz) порталының редакторы ретінде де, оның үстіне білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі туралы үнемі қалам тербеп, баспа бетінде жазып сызып жүрген қоғамның белсенді азаматы ретінде «үш тұғырлы тіл» саясаты туралы толық білемін. Жаңа қабылданған жалпы білім беруге арналған 2016-2019 жылдарға арналған білім бағдарламасын көріп толық танысып шыққанмын. Бұған дейін де бұл бағдарлама туралы мақала да жаздым, сұхбат та бердім. Сондай-ақ, бағдарламаның артық-кемі туралы өз ұсынысымды қазіргі министр Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевпен екі мәрте кездесіп, жаңа командасына өз ұсыныстарымды жеткіздім. Ұстаз ретінде, ұлтшыл азамат ретінде әлі де өз ұстанымымды, ұсынысымды баспа сөзде де, тікелей де жеткіземін. Айту, зерттеп түйген ұсынысымды жеткізу менің парызым. Ал, оны тыңдау мен іске асыру қолында тізгіні бар жұрттың шаруасы. Бірақ, қоғам сөзімен санасып жатқан тізгінді жұрт аз. Мен түгіл мүйізі қарағайдай академик ағаларымыздың шырылын тыңдар емес.

Жалғасын оқу…

АЛТЫНШЫ БӨЛІМ. МІНЕЗ

 

       АҚЫНДЫ ТҮСІН, АДАМЗАТ

 

Ей, адамдар, ақынды өсіріңдер,

Ақынның ары жатар есімінде ел,

Ғұмырын сыйғызбас бір арнаға,

Тағдырын ақындардың кешіріңдер.

Жалғасын оқу…