МАЙЫСҚАҚ ҰЛДАР – МАҢДАЙДЫҢ СОРЫ

Жиырма беске келсе де, Өз көжесін, Жылап ішер жасықтар пайда болды… 

Мұхтар Шахановтың «12-3=?» поэмасынан

Абайша айтсақ, «бәрекелді сүйгіш» қазақтың мақтан мінезі кеткен емес, кіммен әңгімелессең де, жеті атасынан бір батыр, бір жомарт тауып алып мақтана қояды. Иә, мақтанарлық ұлт болғанымыз баршаға аян, ұрпаққа үлгі. Қазір де мақтауға тұрарлық ұлттық мінездеріміз жетерлік. Бірақ, бүгін қит етсе, қазақты сынай жөнелетін болдық. Кеңестік кер замандағы кемсітудің кесірі болар.

Жалғасын оқу…

СУИЦИД – ДЕРТ ЕМЕС, ЖАУАПСЫЗДЫҚ САЛДАРЫ

«Дүниеде не тәтті?» – десе, кішкене кезде «жан тәтті» – деуші ек. Әлі де сол пікірден айныған емеспіз. Бірақ бүгін тәтті жанын өз қолымен жаралайтын, жаралау ғана емес, өмірмен қоштасудың өзін оңай санайтын жандар көбейді. Қайғысыз, мұңсыз санайтын, кеше ғана ойнап – күлген баласынан қапияда айырылып қалатын, себебін таппай, дал болатын күйге түстік.

Жалғасын оқу…

Оқулық сапасын арттыруға ұсыныс

Сапалы оқулық — мұғалім мен оқушының сенімді серігі һәм білімнің қайнар көзі. Оқулық сапасы туралы елде жиі шу көтеріледі, бірақ шешілген емес, оқулық мәселесін шешу үшін оқулық жазу құқығын баспадан алып, ғылым академияларының біріне берген абзал. Себебі, баспа, ол – жауапкерлігі шектеулі серіктестік, яғни, олардың басты көзқарасы сапа емес —  сауда, көздегендері білім емес — ақша. Солай болады да, себебі олардың негізі бағыты — бизнес жоспарын орындау. Сол үшін бағдарлама, оқулық кешенін негізгі жауапкершілігі бар, мемлекеттік мекеменің құзіреттілігіне беру керек. Ақиқаты да осы, жауапкершілік болмаса, сападан ауыз ашуға болмас. Жалғасын оқу…

KAZBILIM.KZ: Ұрпақ сапасы – ұлт мұраты

Қадірлі оқырман, XXI ғасырда халыққа ақпарат таратуда порталдар мен әлеуметтік желілердің үстемдігінің үдеуіне байланысты әр бағытта, әр салада күн санап сайттардың қатары молайып жатқаны сіз бен бізге мәлім. Осы үрдіске ілесіп, сол сайттар қатарында www.kazbilim.kz атты жаңа порталдың жұмысын бастап отырмыз.

Жалғасын оқу…

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕС

Ел мен елді, ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіреті, ол – білім!

Мұхтар Әуезов

Оқушылар неге орталық жағалап жүр?

Иә, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру алдағы мақсат – президент жүктеген міндет. Мақсатқа жетер жол – ұлттың сапасы, ұлт сапасын көтеру, дамыған 30 елдің ішіне енудің бірден — бір жолы. Ұлт сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – білім.

Жалғасын оқу…