Анам туралы естелік

Иә, әлемдегі ең ұлы есім — АНА!

Менің анам — Мақан Әнбияқызы. Мен үйде үш ұл, екі қыздан кейін соңғы сүт кенжесі болып өмірге келіппін. Өмірге келерден алты ай бұрын анамның мұрнынан қан тоқтамай қалалық емханаға түседі, дәрігерлер іштегі баланы (мені) алдырып тастауға кеңес береді, бірақ, анам келіспейді. Мен туылуға үш ай қалғанда қаладағы дәрігерлер анамның «бір айлық ғұмыры қалды, қолымыздан келмейді, бала туылғанда екеуінің бірін болса да, бірін құтқару мүмкін емес» деп шығарып салады. Жалғасын оқу…