Пәндік олимпиадаға дайындау методикасы

2017 жылы 24-25 ақпан аралығында Астана қаласы «Дарын» ғылыми практикалық орталығы және Республикалық «KAZBILIM» орталығының бірлесуімен химия пәні мұғалімдеріне арналған “Дарынды балаларды анықтау, оларды химия пәні олимпиадасына дайындау жолдары және аудандық, обылыстық олимпиада есептерін шығару әдістері” атты екі күндік кешенді курс өткен еді, бұл осы бес бөлімнен тұратын курстың бірінші бөлімі «Пәндік олимпиадаға дайындау методикасы». Алдағы уақытта қалған бөлімдері рет, ретімен жарияланып отыратын болады. 

Тренерлер:

Ахметжан Аятжан –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасының иегері,  жоғары санатты химия пәні мұғалімі, химия ғылымдарының магистрі, Республикалық «KAZBILIM» орталығы директоры, Қазбілім (kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын. 

Нұрсапа Нұрбай – Астана қаласы №66 мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі, 2015 жылғы Баку қаласында өткен №47 Халықаралық химия олимпиадасының (IChO) бақылаушысы (observer), химия ғылымдарының магистрі.

 

Республикалық «KAZBILIM» орталығы туралы толық ақпарат: kazbilim.com сайтында

Пәндерді ағылшын тілінде оқыту бізге кемінде 10 жылға дейін мүмкін емес.

Аятжан  АХМЕТЖАН, республикалық «Қазбілім»  орталығының  директоры:

Жақында реформадан көз ашпайтын сала басшысының эксклюзивті сұхбаты жарияланды. Ел дүрліккен мәселелерді «Жас Алаш» газеті қаузап, тиісті жауап алғандай-ақ болды. Бірақ білім саласында көңілді күпті еткен, түйіні тарқамаған тақырып әлі де жетерлік. Осы ретте әлеуметтік желіде қоғамдық пікір көшбасшылары тұщымды ой айтып, биліктің шашбауын көтергендерді сынның астына алуы керек еді. Десе де бұйығы жұрт әліптің артын бақты.

Расында, саланы төрге емес, көрге сүйреген басшылықтың былыққа толы әрекетін әшкерелеп, ашық ой білдіруге екінің бірінің тісі батпасы анық. Сондықтан қарқынына көз ілеспейтін саланың қазіргі салмағын алыстан орағытпай, білім майданында қарусыз күресіп жүрген маманмен тілдесіп, жақыннан бажайлауды жөн санадық. Республикалық «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжан арнайы «Халық» газеті үшін білім саласындағы біз білмейтін ауыс-түйіс, реформаның жай-жапсарын ашық әңгімелеп берді. Жалғасын оқу…

Аятжан Ахметжанның кітаптарының түсау кесері

Астанада танымал ұстаз, химия саласының білгірі, ақын, журналист, блогер, «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанның үш бірдей кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

 

Аятжанның ақындығы бір төбе. Оған бүгін тұсаукесері өткен «Мінез» атты жыр жинағы куә. «Ақын боп ғұмыр кешіру, оңай деп пе едің, қарағым…» дегендей, қазіргі қоғамда ақындықты былай қойып, адамдықтың қадірі кетіп бара жатқанда ақын болып ғұмыр кешіру де оңай емес.

Ал Аятжанның өз ісінің білгірі, өз саласының нағыз майталманы екенін «Химия» кітабын оқығанда-ақ білесіз. Бұған танымал журналист Сүлеймен Мәметтің осы кеште айтқан «Қазақ тілі техниканың, ғылымның тілі бола алмайды дегендерге Аятжан Ахметжан осы «Химия» кітабын жазу арқылы тойтарыс берді» деген бір ауыз пікірі жетіп жатыр.

Аятжан Ахметжанның ұстаздығынан бөлек, ақындығынан бөлек тағы бір қыры бар. Бәлкім осы соңғы қыры алғашқы екі ерекшелігін айшықтап, әспеттеп тұрған да болар. Ол – Аятжанның ұлтжандылығы. Егер ол ұлтжанды болмаса ақын да, ұстаз да бола алмас еді. Міне, осы қырын танытқан келесі бір туынды – «Ұлт болам десең» деп аталады.

Бір жылда, бір айда емес, бір күнде үш бірдей кітапты қалай шығара қойды дегілеріңіз келер. Аятжан Ахметжан мақсатшыл жігіт. Өткен 2016 жылы отызға толған жас маман, отыздың иығына шыққанда өз өмірін бір қорытындылауды мақсат еткен екен. Міне соның жемісі.

Осы кеште арнайы қонақ ретінде қатысқан «Дарын» орталығының директоры Майра Жаноразқызы айтқандай Аятжан Ахметжан өн бойынан химияның барлық элементі табылатын адам. Сондықтан да ол қоғамның кез келген саласында талмай еңбек етіп келеді.

 

 

Тұсау кесердің толық бейне материалын көріңіздер…

МИНИСТРЛIК ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН АСҚАР ЖҰМАДIЛДАЕВТI ТЫҢДАСА ДЕГЕН ӨТIНIШIМ БАР

Бiлiм және ғылым министрлiгiне басшылық қызметке келгенiне бiр жыл толуына орай, Ерлан Сағадиев осыдан бiрер күн бұрын халыққа есеп берiп, осы мерзiм iшiнде қандай жұмыстар атқарылды, алда қандай жоспарлар бар дегенге тоқталды. Бiр анығы, бұл орайда, әр алуан көзқарас, түрлi пiкiр бар. “Шымшық сойса да қасапшы сойсын” демекшi, бiз бұл мәселенi бiлiм саласының өз қазанында қайнап жүрген бiлiктi маман, ұстаз Аятжан Ахметжанмен бiрге сараптағанды жөн көрдiк.

– Бiр жыл аз уақыт емес. Бiр жылда үлкен жұмыстар атқаруға болады, – дейдi Ахметжан Аятжан. – Өкiнiшке қарай, бiзде бiлiм саласына келген әрбiр министр өзiнiң реформасын алып келетiн әдет қалыптасты. Сол сияқты, бұл министр де өзiнiң реформасымен келдi. Қазiр заман өзгердi, ақпараттық технология дамыды, бiрақ кез келген реформа өзiнiң материалдық базасына сай болуы шарт. Егер материалдық базасы жасалмаса, ешқандай реформа iске аспайды. Сондықтан бұл министрдiң де реформасы кезiндегi министрлердiң реформасы сияқты аяғы жоқ шаруа бола ма деген қорқыныш бар. Қорқыныштың ең басты себебi, бұл – мемлекеттiң қаржысына жасалатын дүние. Бәрiне уақыт – төрешi. Бiрақ химия, биология, физика, информатика пәндерiн ағылшынша оқыту iске аспайтын жоба екенiн бiрден кесiп айта аламын. Мен өзiм химикпiн. Маман ретiнде айтатыным, химия пәнiн ең алдымен қазақ тiлiнде беретiн мұғалiмдермен қамтып алсын. Соның өзi бiз үшiн үлкен жетiстiк болар едi. Екiншiден, бiзде Назарбаев зияткерлiк мектебiн айтпағанда, басқа мектептерде ешқандай материалдық, зертханалық база жоқ. Ал зертханалық база жасамай тұрып химияны ағылшын тiлiнде өткiзу мүйiз сұраймын деп құлақтан айырылумен тең. Өйткенi химия – зертханалық жұмысты негiз еткен ғылым. Дамытқымыз келсе, ғылымды тiрiлтемiз десек, ең әуелi зертханалық база жасайық. Себебi қазiр ауыл тұрмақ, қаланың мектептерiнде ол жоқ. Жалғасын оқу…

Табысқа жетпейтін адам өзін ақтап алатын сылтау тауып алады

 Мұғалім мәртебесі, мұғалім мұңы туралы мұғалімнен артық ешкім айтпайтын шығар-ау. Осы ұстанымды ұстанып танымал ұстаз, ақын, журналист, блогер, «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанмен аз-кем сұхбаттасқан едік. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз

 Айеке, 25 жылдыққа тарту ретінде 3 кітап ұсыныпсыз. Құтты болсын. Сол үш кітаптың тұсаукесерін өткізген соң атбайларыңыз дүниеге келіп, ақ түйенің қарны жарылып жатыр екен. Бауы берік болсын!

— Әумин, рахмет, сізбен бізді қауыштырған осы тәуелсіздіктің арқасы ғой. Тәуелсіздік біздің елге оралуымызға, осы елде көгеріп көктеуімізге себеп болды. Оны жүрекпен сүю азаматтық парызымыз. Бірақ, біз тәуелсіз елге өз үлесімізді қоссақ деп келдік, елден енші алсақ деп келгеніміз жоқ. Сол елге келгеніме 10 жыл толуына және өзімнің 30 жасқа толуыма байланысты өзіме бір есеп, еліме бір есеп бергім келді. Бір жыл бойы жазған-сызғанымды реттедім. О бастағы мақсатым 5 кітап болған, бірақ кейбір себепберге байланысты амалсыз үшеуін ғана шығардық, қалғаны алдағы уақыттың еншісінде. Ал, осы қуанышқа қатар келген атұстарымның өмір есігін ашуы Алланың бір берген сыйы деп білем. Жалғасын оқу…

«Əлиханша айтсам: Қазақ баласының білім алуына қызмет қылмай қоймаймын»

Өткен аптада ақындығы бір төбе, айтқан ойлары қоғамда түрлі пікір туғызып, талқыланып жүрген, журналистік қыры да бар, химия пәнінен дарынды балаларды тәрбиелеп жүрген, елордадағы республикалық KazBilim орталығының басшысы Аятжан Ахметжанның жаңа үш кітабы жарыққа шықты. Талантын таза жолда ұстауды мұрат етіп, уақытын адал еңбекке жұмсап жүрген азаматтың өлеңдер жинағы «Мінез» деп аталса, білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі турасындағы таңдаулы публицистикалық мақалалары «Ұлт болам десең…» кітабына топтастырылыпты. Ал үшінші кітабы ғылымның төресі — химия пәнінің 8 сынып оқушыларына арналған есептер мен жаттығуларға арналған. Қытайдан атамекеніне оралған азаматпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Аятжан мырза, туған елге оралған 10 жыл ішінде еліміздің ағарту саласындағы қандай жетістіктер мен келеңсіздіктерге куə болдыңыз? Жалғасын оқу…