«Əлиханша айтсам: Қазақ баласының білім алуына қызмет қылмай қоймаймын»

Өткен аптада ақындығы бір төбе, айтқан ойлары қоғамда түрлі пікір туғызып, талқыланып жүрген, журналистік қыры да бар, химия пәнінен дарынды балаларды тәрбиелеп жүрген, елордадағы республикалық KazBilim орталығының басшысы Аятжан Ахметжанның жаңа үш кітабы жарыққа шықты. Талантын таза жолда ұстауды мұрат етіп, уақытын адал еңбекке жұмсап жүрген азаматтың өлеңдер жинағы «Мінез» деп аталса, білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі турасындағы таңдаулы публицистикалық мақалалары «Ұлт болам десең…» кітабына топтастырылыпты. Ал үшінші кітабы ғылымның төресі — химия пәнінің 8 сынып оқушыларына арналған есептер мен жаттығуларға арналған. Қытайдан атамекеніне оралған азаматпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Аятжан мырза, туған елге оралған 10 жыл ішінде еліміздің ағарту саласындағы қандай жетістіктер мен келеңсіздіктерге куə болдыңыз? Жалғасын оқу…

Оқулық сапалы болмай, білім сапалы болмайды…

Реформалардан көз ашпай келе жатқан білім жүйесінде сын садағына жиі ілігетін — мектеп оқулықтарының сапасы. Бұл маңызды саланың көші әлі  түбегейлі түзелмей келеді.

Жалпы, оқулық сапалы болмай, білім сапалы болмайды. Ал білім сапалы болмаған жерде ұрпақтың санасы толмайды. Яғни, әлді ұлт болуымыз үшін, әлсіз оқулық болмауы тиіс.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

kaztrk.kz

БІЛІМ САЛАСЫНА РЕФОРМА ЖАСАУ ОҢАЙ, ОҢАЛТУ ҚИЫН…

  • «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы не білесіз? Бұл туралы сізге қандай мәліметтер жеткізілді?
  • Мен өзім Қазбілім (kazbilim.kz) порталының редакторы ретінде де, оның үстіне білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі туралы үнемі қалам тербеп, баспа бетінде жазып сызып жүрген қоғамның белсенді азаматы ретінде «үш тұғырлы тіл» саясаты туралы толық білемін. Жаңа қабылданған жалпы білім беруге арналған 2016-2019 жылдарға арналған білім бағдарламасын көріп толық танысып шыққанмын. Бұған дейін де бұл бағдарлама туралы мақала да жаздым, сұхбат та бердім. Сондай-ақ, бағдарламаның артық-кемі туралы өз ұсынысымды қазіргі министр Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевпен екі мәрте кездесіп, жаңа командасына өз ұсыныстарымды жеткіздім. Ұстаз ретінде, ұлтшыл азамат ретінде әлі де өз ұстанымымды, ұсынысымды баспа сөзде де, тікелей де жеткіземін. Айту, зерттеп түйген ұсынысымды жеткізу менің парызым. Ал, оны тыңдау мен іске асыру қолында тізгіні бар жұрттың шаруасы. Бірақ, қоғам сөзімен санасып жатқан тізгінді жұрт аз. Мен түгіл мүйізі қарағайдай академик ағаларымыздың шырылын тыңдар емес.

Жалғасын оқу…

ЖЕР ДАУЫ, КОМИССИЯ ҺӘМ БЕЙБІТ ШЕРУ

Жер дауы қызып кетті, оның себебі де алуан. Бұл тек жердің сатылатыны, әйтпесе жалға берілетіні себептен мұншалық деңгейге жеткен жоқ. Оның қатпары қалың, ұзақ уақыттық іш құсалықтың «жер» деген сәттегі оянуы. Бұны барлық сарапшы айтып жатыр. Оның үстіне дәл сол кезде тіл мәселесі, білім саласындағы ауыр реформа әр қазақтың жүйкесіне тиіп тұр. Жалпы осы қатардағы биліктегі Досаевтың кеше кетіп, бүгін және бір тізгінге отыруы секілді алдамшы әрекеттер, жекелеген тұлғалардың сөздері өртеніп тұрған отқа май құйғандай, жағдайды тіптен ушықтырып барады. Ал, түбі не болады? Бұл бәрімізге ауыр сұрақ болып тұр…

Жалғасын оқу…

кітаптан алыстағанымыз имандылықтан алыстағанымыз

– Аятжан мырза, Әл-Фараби ғұламамыз: «Тәрбиесіз берілген білім дүниеге апат алып келеді» дегені бар. Тәрбиенің түп негізі – имандылықта екені даусыз. Бүгінде мектеп қабырғасында имани тәрбие беру жағы кемшін түсіп отырған жоқ па?

– Бүгінгі таңда біз тәрбиені ұранмен шатастырып алдық. Тәрбиелейміз деп ұраншылдыққа баулып кеттік. Сөз басқа, іс басқа. Тәрбиені құр сөздің деңгейінде,  әйтпесе, бір шоулар мен шулардың деңгейіне түсіріп алдық. Бұл мектептегі тәрбие болсын, қоғамдағы тәрбие болсын, ең бір ауыр дертке айналды деп айтсақ болады. Қарапайым тілмен айтқанда, білім саласындағы тәрбие – «мен тәрбие беремін» деп берілмеуі керек. Менің түсінігімде ол былай, мысалы, бір оқулықты алсақ, сол оқулықта имандылықтың, қазақылықтың иісі бұрқырап, өздігінен сезіліп тұруы керек. Бұл – нағыз сіңетін тәрбие. Тәрбиенің көзі болып саналатын Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті деп айтамыз ғой. Бірақ, көп мемлекеттердің идеологиясы барлық оқулықтарынан, керек десеңіз, жаратылыстану пәндерінің өзінде «мен мұндалап» тұрады. Тәрбие дегеніміз – міне, осы! Осы нәрсені әрбір ұстаздың, оқулықтың, ұжымның бойына сіңіруіміз керек. Яғни, сөз бен іс бірігу керек. Жалғасын оқу…

ҮРЕЙ МЕН ҮМІТ

Иә, жаңа министрдің орын тағына отырғалы білім саласының әр ісі қызу талқылануда. Қоғамға үрей тастап үлгерген үш тілді оқыту мәселесі мен бес күндік дейсіз бе, әлде басқа дейсіз бе, біраз жаңа дүние енгізілгелі жатқаны ақиқат. Дәл осы күйіп тұрған сәтте қоғамның әр азаматының үнін жеткізу, қоғам болып талқылап, болашақ ұрпақтың мәселесін шешу, әрине, өте өзекті. Дәл осы кезде министрдің әр салада жүрген біз секілді мамандарды (тіпті, қатты айтып жүрген адамдарды) кездесуге шақыруы өзімізге әр сөзімізді дәлелмен, байыппен айтып, халықтың үнін жеткізуді толық атқару керек екенін сезіндірді.

Жалғасын оқу…