ДАЛАҒА ШАШЫЛҒАН ДАРЫН

Адам мемлекеттің басты құндылығы, адами ресурс күллі байлықтың бастауы. Адами капиталының бастау көзі партадағы бала! Біздің партадағы балалар мемлекеттік картадан тысқары жүруге һәм тысқары білім алуға неге құмар? 11 жыл оқытқан баламыз отанының құшағынан жылу (білім) іздемей, неге шет жағалап кетті? Өз балаларына мүлде грант бөлмейтін Қытай Қазақстан баласына келгенде неге мыңдап грант бөледі? Ресейлік жоғары оқу орындары солтүстік түгілі оңтүстіктің мектептерінен түлек «ұрлауға» неге құмар? Елдің ұлттығы бар, мемлекеттігі бар, жекесі бар жоғары оқу орындары неге қаладан аттап сыртқа шықпайды? Бүгінде шетелде оқу неге «мода»? Халықаралық ғылым бәсекесінен медаль таққан қазақ баласын бауырға басар, өзіне студент етер университет бізде неге жоқ? Бұл сұрақтар бүгін бізді ойландырмаса, ертең елді өкінтері анық… Жалғасын оқу…

Ең маңызды саланың қадірін осынша кетіру кімге керек?!?

 

Бірде осы биылдан басталған ұлттық біріңғай тестке және «Алтын белгіге» байланысты өзгерістерді естігенде білім министрлігінің сол кездегі орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Алпамысқызына дәл осындай былықтың боларын ескертіп ем, әттең біздікілер «білме, білгеннің тілін алма», — деген қарғысқа ұшыраған ғой.
Қалай ақтаған күннің өзінде «Алтын белгі» деген дардай атақтың мүмкіндігімен 58 балмен түскен мамандыққа үздік куәлігі бар немесе соған жақын оқушының 125 балмен түсе алмауы ешқандай да ақтайтын дүние емес.
Жалғасын оқу…

БАЛАСЫН ОРЫС СЫНЫБЫНА БЕРЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖАНЫМ АШИДЫ

Ел боламыз, Қазақстанда тұрамыз, ұрпағымызды тәрбиелейміз деген адамдар балаларын қазақ мектебіне, қазақ балабақшаларына беріп жатыр. Бұл менің сөзім емес, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жыды 20 сәуірдегі белгілі қаламгерлермен кездесуіндегі сөзі. Иә, ақылды бұл сөздің ақиқатын, өз тәуелсіздігін жариялағанына 26 жылына аяқ басқан қазақ елінің тұрғыны үшін дәлелдеуді қажететпейтін аксиома.

Бүгінде орыс мектебіне баласын кімдер оқытады?  Бүгінде орыс мектебіне болашағын Қазақ елімен емес, солтүстік көршімен байланыстыратын қауым оқытады, оның көбісі тарихи отанына қайтқысы келетін орыс ұлты өкілдері мен аздаған жатырынан жерінген қаракөздеріміз. Басқа бірде бір қауым орыс мектебіне баласын бермейді, оны сәлден кейін сандар сөйлегенде байқарсыз. Жалғасын оқу…

ЭКСПОДАН ЕСТЕЛІК

Кеше біреу мақтап, біреу даттап жатқан EXPO-2017-ні көзден кешірдік. Мерекелік демалыс күні болған соң шығар халық өте көп, кез келген жерде кезек, иін тірескен адам… Бірақ дені өзіміздің қара көздеріміз… 
Онсыз да 115 мемлекет, 20-ға жуық халықаралық ұйымның бөліктерін аралап шығу бір күннің жұмысы емес, оның үстіне адамның көптігі де кері әсер етіп, 4 сағат мөлшерінде ғана аралау мүмкін болды. Өзіміздің мемлекеттің «Нұрәлем» бөлігі жайнап тұр, көретін дүние де көп… Кей мемлекеттікі жай бармыз деген ғана атағы болмаса, әсері жоқ көрінді… 
Сонымен EXPO-2017-ден не түйдім?!… 
Кез келген дүниені немесе мәселе туралы жамандағысы келген адам 100 кемшілік, мақтағысы келген адам 100 артықшылық табады ғой. Артықшылықтан бастап көрейін, бірден мін іздемей…  Жалғасын оқу…

ҰБТ нәтижесіне мектеп, оқытқан мұғалім жауап беруі керек…

Бүгін 2017 жылғы түлектер мектеп бітіру кешін тойлайды…
Бейресми ақпаратқа негізделгенде биылғы «Алтын белгіге» үміткер 6500 ден аса баланың 98% — дан астамы, яғни, 6300 ден астамы қорғапты…
Жылда «Алтын белгі» үміткерлерінің 45-50% -ы ғана өз білімін дәлелдей алатын еді…
Бұл мектепте өткен емтиханның шексіз «әділдігінің» дәлелі. Жалпы біздің менталитетте мектеп бітіру емтиханы мектептерге тәуелсіз болғаны абзал. Әйтпесе, білім сапасы түсетіні ақиқат.

Жалғасын оқу…

«Жұлдыз» — Біздің елдің ең басты ауруы!

«Жұлдыз»
Біздің елдің ең басты ауруы!
Бүгін бізде 18 миллион халықта «ЖҰЛДЫЗ» деп саналатын кемі миллион адам бар…
Өсіп келе жатқан кез келген баламен сөйлессең осы жұлдыз қатарында болғысы келеді… Мейлі таланты болса да, болмаса да…
Ал, ата-анамен сөйлесе қалсаң олар да балаларынан болашақ жұлдыз жасағасы келеді…
Мен, әуейі ел болып кетпедік пе? — деп ойлаймын үнемі…
Әрине, әр ата-ана баласының ел алдында сыйлы болып жүргенін қалайды, бірақ, сыйлы болудың жолы тек әуей болу ғана емес қой…
Өз салаңның білікті, үздігі бола алсаң кез келген салада беделді бола алатыныңды үйрету бала тәрбиесінде қаншалықты қиын болмақ? Жалғасын оқу…