ТҮС (Сатиралық әңгіме)

Ұшақ терезесінен сыртқа көз тастап отырмын, шексіз кеңістік, шебер жаратылыс, құс боп ұшқың келеді. Қиялдап отырып қалғып кетіппін. Өзім кеңістікте емес, қиялым кеңістікке ұшқан секілді. Түс көріп кетіппін…

(Ескерту, бұл Бейбіт Сарыбайдың сатирасы емес, Аятжан Ахметжанның шын түсі. Бейбіт ағаға еліктеу де, ой ұрлау да емес. Жай көрген түсті көз алдыға келтіру).

Бейбіт аға, президент пен премьердің алдында шай ішіп, қабылдауында  халықтың сөзін сөйлеп отырса, менікі сәл басқашалау.

Жалғасын оқу…

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. ТӘТТІ СЕЗІМ

 

 МАХАББАТ, ОЛ –

 

Махаббат, ол –

Жалғыздық па, жабығу ма? Кім білсін,

Біреуге бақыт, ал біреуге ол бір сын.

Қара нардан кейде рас қайратты,

Кейде бірақ қылдан нәзік бүлдіршін.

Жалғасын оқу…

Оқулық сапасын арттыруға ұсыныс

Сапалы оқулық — мұғалім мен оқушының сенімді серігі һәм білімнің қайнар көзі. Оқулық сапасы туралы елде жиі шу көтеріледі, бірақ шешілген емес, оқулық мәселесін шешу үшін оқулық жазу құқығын баспадан алып, ғылым академияларының біріне берген абзал. Себебі, баспа, ол – жауапкерлігі шектеулі серіктестік, яғни, олардың басты көзқарасы сапа емес —  сауда, көздегендері білім емес — ақша. Солай болады да, себебі олардың негізі бағыты — бизнес жоспарын орындау. Сол үшін бағдарлама, оқулық кешенін негізгі жауапкершілігі бар, мемлекеттік мекеменің құзіреттілігіне беру керек. Ақиқаты да осы, жауапкершілік болмаса, сападан ауыз ашуға болмас. Жалғасын оқу…

KAZBILIM.KZ: Ұрпақ сапасы – ұлт мұраты

Қадірлі оқырман, XXI ғасырда халыққа ақпарат таратуда порталдар мен әлеуметтік желілердің үстемдігінің үдеуіне байланысты әр бағытта, әр салада күн санап сайттардың қатары молайып жатқаны сіз бен бізге мәлім. Осы үрдіске ілесіп, сол сайттар қатарында www.kazbilim.kz атты жаңа порталдың жұмысын бастап отырмыз.

Жалғасын оқу…

ЕКІНШІ БӨЛІМ. КӨҢІЛ МҰҢЫ

 

                            КЕШІР, ӘКЕ

 

Сен әке,

Өкпелеме мынау жас елге,

Тентегі бар оспадар.

Қаны бар қазақ осы елде,

Дұшпанға қатал, досқа адал.

Жалғасын оқу…