Ақылды болсаң, алдымен өзіңді тәрбиеле…

Бүгінде “жаға ұстатты мен жұртты шулаттының” арасында тірлік көп. Бір жұрт имансыздықтан, бір жұрт ұятсыздықтан, бір жұрт ұлтсыздықтан көрсе, енді бір жұрт тексіздіктен дейді.

Иә, атын атағың келмейді, бірақ, сол балалар да отбасында тәрбиеленіп, мектептің табалдырығын аттап шығып жатқасын, бүгінгі ұстаз ретінде бір ауыз пікір айтуды өзіме парыз санадым.

Бастысы, бүгін біз тәрбиені ұранға айналдырдық, ұраншыл, «әсіре қызыл» қауымға айналып барамыз. Жеңіл жолмен пайда табу, істен гөрі сөз, сөзден гөрі хайпке ұрыну бүгінгі елге оңай болып тұр. Жалғасын оқу…

ҚАЗАҚ БАЛАСЫН ҮШ-АҚ АУЫЗ СӨЗБЕН ТӘРБИЕЛЕГЕН…

«Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы, ұрпағымның ұяты болсын!» -деген атам қазақ бала тәрбиесін басқадан биік қойғаны белгілі. Ұятсыз немесе жүгенсіз деген сөзге қалмас үшін де қызды қырық үйден тыю керектігін ұрпаққа ұлағат еткен. Ондайларды көрсе, «аяғын етік қыспаған, аузын шеше қыспаған»,- деп қыз тәрбиесіндегі ананың рөлін  баса айтқан емес пе еді?!

Жалғасын оқу…