Қазақ ұлтшылдығы, қазақ мінезі де жаңа сатыға көтерілуі керек

Жыл басы елдің орталық облысының дүрлігуімен басталды. Осындай бір оқиғаларда бүкіл ел назары бұрылып, мұндай бірер құрбандық жоқ кезде мимырт түндей тыныштыққа түсетін бағзыдан бергі әдетіміз, соңғы ғасырдағы мінезімізге айналған-ды. Қарағандыдағы оқиғаны әр кім әр түрлі талдап, тәпсірлеп жатыр. Мен тек ол оқиға емес, жалпы бүгінгі қазақтың басындағы жағдайға байланысты аз кем ойлана кетуді жөн санадым.

Бүгінде Қазақ жеріндегі үлкен экономикадан тартып, кіші экономикалық табыс кімнің қолында? Кәсіпкерлік пен өндіріс кімнің қолында, білім мен бизнес кімнің қолында? Жалдану мен жалшылық кімнің мойнында? Осы сұрақтардың төңірегінде ойланып көрелікші.
Жалғасын оқу…

Үкімет өлтірмейді…

Баяғыда кішкентай кезімде әжелеріміз: Үкімет өлтірмейді, өзегіңді талдырмайды — деп отырушы еді. Біз коммунизм деген ертегіні аяқтап, нарықтық заманға аяқ бастық, бірақ, үлкендер емес өзіміз қатарлы жастар да сол үкімет жағалағанды, жалақысы төмен болса да, бас ауыртар жұмысы көп болса да, қарғанып-сіленіп қойып бәрібір мемлекеттік, бюджеттік мекемелерде жұмыс істегенді дұрыс көреді. Жеке компанияда 120 мың айлығы бар жұмыс пен бюджеттік мекемеде 60 мыңдық жұмыс тұрса міндетті түрде екіншісін таңдайтын адамдар әлі өте көп екеніне таңғалдым. Неге? Жалғасын оқу…

Қазақ түркі, бірақ, «түлкі» емес. Неге?

«Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе — шаршап, жаяу жүрсе — демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Жалғасын оқу…