Элементтердің периодтық кестесі

Суретте осы кестедегі элементтерді кімнің алғаш тапқаны туралы ақпарат көрсетілген. Ең көбі кәрі құрлық Еуропаның меншігінде, одан кейін алпауыт Америка. Азияның елдері бұл бәсекеге ат ізін салмаған.

Айтпақшы, кезінде өз құрамындағы елдерге Менделеев кестесі деп оқытқан орыстың еншісінде алты элемент бар екен, бұл да жетістік. Бірақ, дәл осы кестені біздің жұрт әлі Менделеев деген шал түсінде көріпті деген ертегіге сенеді, әлі соның атында деп оқулыққа жазады. Жә, әлі солай оқытса, келер ұрпақ та солай деп жүрер деп алаңдаймын. Шыны керек Менделеев бұл кестенің ретін жасаушылардың, осы кестені осы күйге жеткізуші ғалымдардың ішіндегі бір адам ғана, бұл кесте үшін кімдер терлемеді, бәрінің еңбегін Мәкеңе жаза салмаңыздар, қалған ғалымдарға обал болады.

Жалғасын оқу…

Білім саласындағы олқылықтар мен жетістіктер

Респбуликалық «QAZBILIM» орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлы Qazaqstan Ұлттық Телеарнасындағы «басты тақырып» бағдарламасында білім саласы туралы ойларымен бөлісіп еді. Сіздердің де назарларыңызға ұсынамыз.   

Ғасыр ұстазы 13 мың, Алаш ұстазы 10 мың,  Ұлт ұстазы 5 мың теңге.

Ғасыр ұстазы 13 мың,
Алаш ұстазы 10 мың, 
Ұлт ұстазы 5 мың теңге.
Ұлағатты ұстаз атану бұдан сәл қымбаттау, оның құны 20 мың теңге.

Ұстаздан ұят кетсе, ұлтта ар болмайды. Иә, өз басым Ғасыр ұстазы, Ұлт ұстазы, Алаш ұстазы, Ұлы дала ұстазы деген медальдарды сату немесе сатып алу түгілі сыйлыққа берсе, тағуға намыстанар едім. Жалғасын оқу…

Жетістікке жету формуласы-1

І

Адам пендесінің бәрекелдіні сүймейтұғыны болмайды, – дейді ұлы Абай.

Иә, бәріміз өмірде, жұмыста, оқуда табысқа жетіп, бәрекелді ғұмыр кешкіміз келеді. Бірақ, қандай да бір ісіміз сәтсіз болса, мен негізі табысқа жетер ем, мен негізі дұрыс жасап келе жатыр ем, – деп ақтала бастаймыз. Бір сөзбен айтқанда өзімізге керемет адвокатпыз. Ал жұртқа сыншы прокурормыз. Жалғасын оқу…

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСКЕРУ КЕРЕК…

Білім – ұлттың ұстыны. Ұлы Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» деген өнеге қалдырған екен. Ендеше, тәуелсіз елдің білім беру жүйесіндегі олқылықтар мен артықшылықтар не? Біз болашақ кемесін түзу ұстау үшін нені ескеруіміз керек? Осы және басқа да толғақты мәселелер жөнінде осы саладағы сарапшылардың бірі, «Қазбілім» қосымша білім беру орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлына бірер сауал қойған едік. 

ГРАНТ КӨБЕЙГЕНІМЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ? Жалғасын оқу…