Басты тақырып – Білім сапасын қалай арттырамыз?

Білім сапасын арттыру мәселесі бүгінгі Qazaqstan Ұлттық Телеарнасында  «Басты тақырыпта» сөз болды. Студияға Республикалық «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы келді.

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ТІЛГЕ ЕМЕС, БІЛІМГЕ БӨЛІНУІ КЕРЕК

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов талапкерлер биылдан бастап ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыра алатынын мәлімдеді. Шенділердің осы бастамасына қатысты KAZBILIM орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлын аз-кем әңгімеге тартқан едік.

– Талапкерлер биылдан бастап ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыра алады деді. Бұл процесс осы күнге дейін қаншалықты ашық жүргізілді?

– Талқыланған жоқ. Бұл осыдан екі жыл бұрын үш тілде білім беру бағдарламасы қабылданған кезде «болашақта ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің емтиханын ағылшын тілінде тапсыруға болады» деп айтылған. Бірақ жалпы жұрт ол кезде үш тілде оқыту мәселесін көп талқылап кетті де, ҰБТ мен ағылшын тілі мәселесі көлеңкеде қалып қойды. Бұл сол бағдарламаның заңды жалғасы. Сосын, мұның екі жағы бар. Дұрыс жағы – осы күнге дейін орыс тілінде ҰБТ тапсыруға рұқсат беріліп келді, онда неге ағылшын тілінде тапсыруға рұқсат бермеске? Үш тілде оқытып отырған соң солай болуы керек емес пе? Дұрыс емес жағы – барлық пәнді бір тілде тапсыру біздің жағдайда қиындау. Біз қазақ тілін білмейтін тағы бір буынды өсіріп шығаруымыз мүмкін. Қазақ тіліне деген сұраныс азайған үстіне азая түседі де, қазақша білмейтіндер ағылшыншаға ауыса салады. Жалғасын оқу…