Аятжан Ахметжанның кітаптарының түсау кесері

Астанада танымал ұстаз, химия саласының білгірі, ақын, журналист, блогер, «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанның үш бірдей кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

 

Аятжанның ақындығы бір төбе. Оған бүгін тұсаукесері өткен «Мінез» атты жыр жинағы куә. «Ақын боп ғұмыр кешіру, оңай деп пе едің, қарағым…» дегендей, қазіргі қоғамда ақындықты былай қойып, адамдықтың қадірі кетіп бара жатқанда ақын болып ғұмыр кешіру де оңай емес.

Ал Аятжанның өз ісінің білгірі, өз саласының нағыз майталманы екенін «Химия» кітабын оқығанда-ақ білесіз. Бұған танымал журналист Сүлеймен Мәметтің осы кеште айтқан «Қазақ тілі техниканың, ғылымның тілі бола алмайды дегендерге Аятжан Ахметжан осы «Химия» кітабын жазу арқылы тойтарыс берді» деген бір ауыз пікірі жетіп жатыр.

Аятжан Ахметжанның ұстаздығынан бөлек, ақындығынан бөлек тағы бір қыры бар. Бәлкім осы соңғы қыры алғашқы екі ерекшелігін айшықтап, әспеттеп тұрған да болар. Ол – Аятжанның ұлтжандылығы. Егер ол ұлтжанды болмаса ақын да, ұстаз да бола алмас еді. Міне, осы қырын танытқан келесі бір туынды – «Ұлт болам десең» деп аталады.

Бір жылда, бір айда емес, бір күнде үш бірдей кітапты қалай шығара қойды дегілеріңіз келер. Аятжан Ахметжан мақсатшыл жігіт. Өткен 2016 жылы отызға толған жас маман, отыздың иығына шыққанда өз өмірін бір қорытындылауды мақсат еткен екен. Міне соның жемісі.

Осы кеште арнайы қонақ ретінде қатысқан «Дарын» орталығының директоры Майра Жаноразқызы айтқандай Аятжан Ахметжан өн бойынан химияның барлық элементі табылатын адам. Сондықтан да ол қоғамның кез келген саласында талмай еңбек етіп келеді.

 

 

Тұсау кесердің толық бейне материалын көріңіздер…

Табысқа жетпейтін адам өзін ақтап алатын сылтау тауып алады

 Мұғалім мәртебесі, мұғалім мұңы туралы мұғалімнен артық ешкім айтпайтын шығар-ау. Осы ұстанымды ұстанып танымал ұстаз, ақын, журналист, блогер, «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанмен аз-кем сұхбаттасқан едік. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз

 Айеке, 25 жылдыққа тарту ретінде 3 кітап ұсыныпсыз. Құтты болсын. Сол үш кітаптың тұсаукесерін өткізген соң атбайларыңыз дүниеге келіп, ақ түйенің қарны жарылып жатыр екен. Бауы берік болсын!

— Әумин, рахмет, сізбен бізді қауыштырған осы тәуелсіздіктің арқасы ғой. Тәуелсіздік біздің елге оралуымызға, осы елде көгеріп көктеуімізге себеп болды. Оны жүрекпен сүю азаматтық парызымыз. Бірақ, біз тәуелсіз елге өз үлесімізді қоссақ деп келдік, елден енші алсақ деп келгеніміз жоқ. Сол елге келгеніме 10 жыл толуына және өзімнің 30 жасқа толуыма байланысты өзіме бір есеп, еліме бір есеп бергім келді. Бір жыл бойы жазған-сызғанымды реттедім. О бастағы мақсатым 5 кітап болған, бірақ кейбір себепберге байланысты амалсыз үшеуін ғана шығардық, қалғаны алдағы уақыттың еншісінде. Ал, осы қуанышқа қатар келген атұстарымның өмір есігін ашуы Алланың бір берген сыйы деп білем. Жалғасын оқу…

Жыл есебі-2016

2016 жыл өз өмірімдегі уақыттың жетегінде жанталасқан тек еңбек ұстанымында өткізіп күнтізбелік парақтың 2016 дан 2017 ге ауысқанын сезбей қалған ең бір аласапыран жыл болды. Ел қатарлы жылға қортынды жасап көрелік…

Жалғасын оқу…

БІЛІМ САЛАСЫНА РЕФОРМА ЖАСАУ ОҢАЙ, ОҢАЛТУ ҚИЫН…

  • «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы не білесіз? Бұл туралы сізге қандай мәліметтер жеткізілді?
  • Мен өзім Қазбілім (kazbilim.kz) порталының редакторы ретінде де, оның үстіне білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі туралы үнемі қалам тербеп, баспа бетінде жазып сызып жүрген қоғамның белсенді азаматы ретінде «үш тұғырлы тіл» саясаты туралы толық білемін. Жаңа қабылданған жалпы білім беруге арналған 2016-2019 жылдарға арналған білім бағдарламасын көріп толық танысып шыққанмын. Бұған дейін де бұл бағдарлама туралы мақала да жаздым, сұхбат та бердім. Сондай-ақ, бағдарламаның артық-кемі туралы өз ұсынысымды қазіргі министр Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевпен екі мәрте кездесіп, жаңа командасына өз ұсыныстарымды жеткіздім. Ұстаз ретінде, ұлтшыл азамат ретінде әлі де өз ұстанымымды, ұсынысымды баспа сөзде де, тікелей де жеткіземін. Айту, зерттеп түйген ұсынысымды жеткізу менің парызым. Ал, оны тыңдау мен іске асыру қолында тізгіні бар жұрттың шаруасы. Бірақ, қоғам сөзімен санасып жатқан тізгінді жұрт аз. Мен түгіл мүйізі қарағайдай академик ағаларымыздың шырылын тыңдар емес.

Жалғасын оқу…

ТҮС (Сатиралық әңгіме)

Ұшақ терезесінен сыртқа көз тастап отырмын, шексіз кеңістік, шебер жаратылыс, құс боп ұшқың келеді. Қиялдап отырып қалғып кетіппін. Өзім кеңістікте емес, қиялым кеңістікке ұшқан секілді. Түс көріп кетіппін…

(Ескерту, бұл Бейбіт Сарыбайдың сатирасы емес, Аятжан Ахметжанның шын түсі. Бейбіт ағаға еліктеу де, ой ұрлау да емес. Жай көрген түсті көз алдыға келтіру).

Бейбіт аға, президент пен премьердің алдында шай ішіп, қабылдауында  халықтың сөзін сөйлеп отырса, менікі сәл басқашалау.

Жалғасын оқу…