Химия пәнінен ҰБТ есептерін шешу «1»

Біз бұған дейін де химия, математика пәндерінен әр түрлі сабақтарды жариялап жүргенбіз, бұл сол үрдісіміздің жалғасы.

Респбуликалық «KAZBILIM» орталығы директоры, химия ғылымдары магистрі Аятжан Ахметжанның химия пәнінен ҰБТ есептерін шығару курсының 1 бөлімі

Пәндік олимпиадаға дайындау методикасы

2017 жылы 24-25 ақпан аралығында Астана қаласы «Дарын» ғылыми практикалық орталығы және Республикалық «KAZBILIM» орталығының бірлесуімен химия пәні мұғалімдеріне арналған “Дарынды балаларды анықтау, оларды химия пәні олимпиадасына дайындау жолдары және аудандық, обылыстық олимпиада есептерін шығару әдістері” атты екі күндік кешенді курс өткен еді, бұл осы бес бөлімнен тұратын курстың бірінші бөлімі «Пәндік олимпиадаға дайындау методикасы». Алдағы уақытта қалған бөлімдері рет, ретімен жарияланып отыратын болады. 

Тренерлер:

Ахметжан Аятжан –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасының иегері,  жоғары санатты химия пәні мұғалімі, химия ғылымдарының магистрі, Республикалық «KAZBILIM» орталығы директоры, Қазбілім (kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын. 

Нұрсапа Нұрбай – Астана қаласы №66 мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі, 2015 жылғы Баку қаласында өткен №47 Халықаралық химия олимпиадасының (IChO) бақылаушысы (observer), химия ғылымдарының магистрі.

 

Республикалық «KAZBILIM» орталығы туралы толық ақпарат: kazbilim.com сайтында

Химия пәнінен олимпиадалық дайындық жоспары

Пән олимпиадасы — ғылымның алғашқы басқыштары, пән олимпиадасына дайындық адамның оқушы кезеңіндегі мидың ең жоғары қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайтын тамаша ғылыми ізденіс. Болашақ қазақ ғалымдары да бүгінгі олимпиада жеңімпаздарынан шығады деген үміттеміз. Әрі олимпиада жеңімпаздарынан шыққан ғалым ол болашақта қазақ ғылымына локомотив боларына сеніміміз кәміл. Сол үшін де азды-көпті шұғылданған жұмыстарымызды пайдаланып, тәжірибемізді жинақтап, олимпиадаға бағытталған жоспарды оқырмандарыма ұсынып отырмын.

Жалғасын оқу…

Оқу үрдісінде кешенді бақылау жұмысын жүргізу және пайыздық бағалау жүйесін қолдану

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл – Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының – ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі-сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі – Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі. Жалғасын оқу…