Басты тақырып. Жаңа оқулық жағдайы

Студия қонақтары: Оқулық республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары — Әділхан Дүйсебек және республикалық KAZBILIM орталығының директоры — Аятжан Ахметжанұлы. Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан

Оқулық сапалы болмай, білім сапалы болмайды…

Реформалардан көз ашпай келе жатқан білім жүйесінде сын садағына жиі ілігетін — мектеп оқулықтарының сапасы. Бұл маңызды саланың көші әлі  түбегейлі түзелмей келеді.

Жалпы, оқулық сапалы болмай, білім сапалы болмайды. Ал білім сапалы болмаған жерде ұрпақтың санасы толмайды. Яғни, әлді ұлт болуымыз үшін, әлсіз оқулық болмауы тиіс.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

kaztrk.kz

Оқулық сапасын арттыруға ұсыныс

Сапалы оқулық — мұғалім мен оқушының сенімді серігі һәм білімнің қайнар көзі. Оқулық сапасы туралы елде жиі шу көтеріледі, бірақ шешілген емес, оқулық мәселесін шешу үшін оқулық жазу құқығын баспадан алып, ғылым академияларының біріне берген абзал. Себебі, баспа, ол – жауапкерлігі шектеулі серіктестік, яғни, олардың басты көзқарасы сапа емес —  сауда, көздегендері білім емес — ақша. Солай болады да, себебі олардың негізі бағыты — бизнес жоспарын орындау. Сол үшін бағдарлама, оқулық кешенін негізгі жауапкершілігі бар, мемлекеттік мекеменің құзіреттілігіне беру керек. Ақиқаты да осы, жауапкершілік болмаса, сападан ауыз ашуға болмас. Жалғасын оқу…