Элементтердің периодтық кестесі

Суретте осы кестедегі элементтерді кімнің алғаш тапқаны туралы ақпарат көрсетілген. Ең көбі кәрі құрлық Еуропаның меншігінде, одан кейін алпауыт Америка. Азияның елдері бұл бәсекеге ат ізін салмаған.

Айтпақшы, кезінде өз құрамындағы елдерге Менделеев кестесі деп оқытқан орыстың еншісінде алты элемент бар екен, бұл да жетістік. Бірақ, дәл осы кестені біздің жұрт әлі Менделеев деген шал түсінде көріпті деген ертегіге сенеді, әлі соның атында деп оқулыққа жазады. Жә, әлі солай оқытса, келер ұрпақ та солай деп жүрер деп алаңдаймын. Шыны керек Менделеев бұл кестенің ретін жасаушылардың, осы кестені осы күйге жеткізуші ғалымдардың ішіндегі бір адам ғана, бұл кесте үшін кімдер терлемеді, бәрінің еңбегін Мәкеңе жаза салмаңыздар, қалған ғалымдарға обал болады.

Жалғасын оқу…

Дипломды сауатсыздан, дипломы жоқ сауатсыз жақсырақ.

Өткенде, тура жаңа жыл күні ұлым ауырып емханаға түсіп, 14 қаңтарға дейін екі апта емханада жатып шықтым. Үйде кішкене қызым тұмау, емханада біз жатырмыз, әбден мазамыз кетті. Әйтеуір, дәрі егудің күшімен толық жазылып үйге келдік. Сол кезде ақ халатты жандардың қадірін түсіндім, кей ісіне сүйіндім, кей ісіне күйіндім. Бізде әр саланың біраз шикілігі, мамандардың немқұрайлылығы, адамға жан ашымастығы жан ауыртады ғой.

Шыны керек бүгін ауырып емханаға түссең де таныс іздеу керек, танысың болмаса… Иә, онда жағдайың танысың болғаннан әлде қайда жаман. Жалғасын оқу…

Қазақ түркі, бірақ, «түлкі» емес. Неге?

«Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе — шаршап, жаяу жүрсе — демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Жалғасын оқу…