Әдемі бағдарламада: Жастар, білім, ғылым, мектеп және ҰБТ

Әдемі бағдарламада Аятжан Ахметжанұлы. Жастар, білім, ғылым, мектеп және ҰБТ туралы ойларымен бөліскен еді. Сұхбаттасқан «әдемі бағдарлама» жүргізушісі Батырхан Ибрагимов.

Жетістікке жету формуласы-2

(VI)

Алдыңғы бөлімде, жетістікке жетудің алғы шарты сәтсіздікті пайдаға жаратып, әр іске тәуекел турасында ой қозғап едiк. Бұл жолы жұрт айтатын арман һәм мақсат турасында ой қозғап көрейік.

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға, — дейді, ақын Мұхтар Шаханов. Дүниеде армандамайтын адам бар ма? Бәрі де жетістікке жеткісі келеді, бәрі де әлемді көргісі келеді. Бірақ, арманның бәрі іске аса ма? Кімнің өзгеден кем болғысы келеді, кімнің өз саласында оза шапқысы келмейді? Әрине, бәрінің! Бәрінде бір арман, бірақ… Ойшылдың белгілі бір мақсаты болады, ал арманшылдың еш мақсаты болмайды, — дейді Виктор Гюго. Иә, армандап қою жеткіліксіз, егер оған жетер жолды болжай алмасаң, немесе жетер жолдағы әр бөгетке сына берсең. Арман тау секілді, бірінен ассаң алдынан екінші шоқы көрінеді. Мақсат таудың басына шығу, бірақ, бір таудың басына шыққан адам келесі таудың басына шығуды армандайды. Дәл солай, жетістікке жету де бір мақсатың орындалғанда келесі бір мақсат туады. Ал, сізде оған да жетер құлшыныс пен мотивация бар ма? Жалғасын оқу…