Жетістікке жету формуласы-2

(VI)

Алдыңғы бөлімде, жетістікке жетудің алғы шарты сәтсіздікті пайдаға жаратып, әр іске тәуекел турасында ой қозғап едiк. Бл жолы жұрт айтатын арман һәм мақсат турасында ой қозғап көрейік.

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға, — дейді, ақын Мұхтар Шаханов. Дүниеде армандамайтын адам бар ма? Бәрі де жетістікке жеткісі келеді, бәрі де әлемді көргісі келеді. Бірақ, арманның бәрі іске аса ма? Кімнің өзгеден кем болғысы келеді, кімнің өз саласында оза шапқысы келмейді? Әрине, бәрінің! Бәрінде бір арман, бірақ… Ойшылдың белгілі бір мақсаты болады, ал арманшылдың еш мақсаты болмайды, — дейді Виктор Гюго. Иә, армандап қою жеткіліксіз, егер оған жетер жолды болжай алмасаң, немесе жетер жолдағы әр бөгетке сына берсең. Арман тау секілді, бірінен ассаң алдынан екінші шоқы көрінеді. Мақсат таудың басына шығу, бірақ, бір таудың басына шыққан адам келесі таудың басына шығуды армандайды. Дәл солай, жетістікке жету де бір мақсатың орындалғанда келесі бір мақсат туады. Ал, сізде оған да жетер құлшыныс пен мотивация бар ма? Жалғасын оқу…

Жетістікке жету формуласы-1

І

Адам пендесінің бәрекелдіні сүймейтұғыны болмайды, – дейді ұлы Абай.

Иә, бәріміз өмірде, жұмыста, оқуда табысқа жетіп, бәрекелді ғұмыр кешкіміз келеді. Бірақ, қандай да бір ісіміз сәтсіз болса, мен негізі табысқа жетер ем, мен негізі дұрыс жасап келе жатыр ем, – деп ақтала бастаймыз. Бір сөзбен айтқанда өзімізге керемет адвокатпыз. Ал жұртқа сыншы прокурормыз. Жалғасын оқу…

Мамандық таңдау маңызды ма?

Құрметті жас өскіндер, тәуелсіз елдің XXI ғасырдың жас буыны:

Мамандық таңдауға біздің жұрт аса қатты мән береді, тіпті, «Тіршілікте адам екі нәрседен жаңылыспауы тиіс. Біріншісі жар таңдау болса, екіншісі мамандақ таңдау» — дейді. Иә жар таңдауда қателесуге болмас, бір таңдаған жарды алмастыру трагедия, өмірің сонымен өтеді. Ал, мамандық таңдауға дәл сондай, басымдылық беру керек емес. Себебі, себебі көп, түйінін әлімізше тарқатып көрелік.

Жалғасын оқу…

Аятжан Ахметжан. ҰБТ, химия пәнінен ҰБТ есептерін шешу «3»

Респбуликалық «KAZBILIM» орталығы директоры, химия ғылымдары магистрі Аятжан Ахметжанның химия пәнінен ҰБТ есептерін шығару курсының 3 бөлімі. Тест сұрағы «егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылы 29 сәуір күні жарияланған нұсқасы.

Басты тақырып. Жаңа оқулық жағдайы

Студия қонақтары: Оқулық республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары — Әділхан Дүйсебек және республикалық KAZBILIM орталығының директоры — Аятжан Ахметжанұлы. Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан

Басты тақырып – Білім сапасын қалай арттырамыз?

Білім сапасын арттыру мәселесі бүгінгі Qazaqstan Ұлттық Телеарнасында  «Басты тақырыпта» сөз болды. Студияға Республикалық «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы келді.