Білім саласындағы олқылықтар мен жетістіктер

Респбуликалық «QAZBILIM» орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлы Qazaqstan Ұлттық Телеарнасындағы «басты тақырып» бағдарламасында білім саласы туралы ойларымен бөлісіп еді. Сіздердің де назарларыңызға ұсынамыз.   

Ғасыр ұстазы 13 мың, Алаш ұстазы 10 мың,  Ұлт ұстазы 5 мың теңге.

Ғасыр ұстазы 13 мың,
Алаш ұстазы 10 мың, 
Ұлт ұстазы 5 мың теңге.
Ұлағатты ұстаз атану бұдан сәл қымбаттау, оның құны 20 мың теңге.

Ұстаздан ұят кетсе, ұлтта ар болмайды. Иә, өз басым Ғасыр ұстазы, Ұлт ұстазы, Алаш ұстазы, Ұлы дала ұстазы деген медальдарды сату немесе сатып алу түгілі сыйлыққа берсе, тағуға намыстанар едім. Жалғасын оқу…

Ертең ел баласын оқытар есі дұрыс мұғалім таппай қалар…

Ұстаздық кəсіп, иə, мамандық дегенге мүлде келіспеймін… Ұстаздық болымыс шығар…
Кəсіпті, мамандықты ауыстыруға болады, ал, болмысты жоқ, ол өзіңмен бірге жаратылады һəм өзіңмен бірге өтеді…
Себебі онсыз өмірдің мəні жоқ…

Дүниенің ең рахаты да сол болмысыңмен өмір сүру, жаның қалайтын тірлікпен күн кешу…
Иə, күнде жексенбі жоқ, өмірдің (кəсіптің) бейнеті бар, ал ұстаздықтың бейнеті бүгін тіпті ауыр… бірақ қанша ауыр болса да, ол болмысың болса қоштаса алмайсың…
Жалғасын оқу…