Жыл есебі-2016

2016 жыл өз өмірімдегі уақыттың жетегінде жанталасқан тек еңбек ұстанымында өткізіп күнтізбелік парақтың 2016 дан 2017 ге ауысқанын сезбей қалған ең бір аласапыран жыл болды. Ел қатарлы жылға қортынды жасап көрелік…

1. Жыл бақыты

Бұл жылдың басы отбасым үшін үлкен қуаныш әкелді, 6 жылдан астам Астанада көшпенді болы жүрген мен Алланың қалауымен қаңтарда баспаналы болдым. Қос құлыншағымның несбесі шығар, үй алғанда достарымнан менен бұрын 6 жасар қызым сүйіншілеп кетті. Айға жіткізбей көшіп кіріп, қоныс тойы деген тойды тойлап үлгердік. Aigul Serdaly екеуміз шын астаналық атандық.

2. Жыл тәуекелі
2015 жылыдың соңы мектеппен қоштасқанмын, жігерді сындырғысы келген жұртқа сынбайтынымды дәлелдеу 2016 кіргендегі басты мақсатым еді. Дәл сол қадамды жасадым, 2016 жылғы өзім үшін ең үлкен тірлік Республикалық «KAZBILIM» орталығының ірге тасын қалап, дәл қазір 30 дан астам мұғалім жұмыс жасайтын, іргелі қосымша білім беру орталығына айналдырып, білім берумен қатар қазақ тілді оқу құралдарын шығара үлгердік. Орталық өз мақсатының орындап, басқасын айтпағанда шетелден келген жүздеген қандастың қазақ мектебінде қиналмай оқып кетуіне септігін тиігізді. Алға қойған мақсат алғашқы жемісін бере бастады.
3. Жыл кездесуі
Жыл басы білім саласына жаңа министр жаңа реформамен келді. Реформа ақылға сыймады, ойымызды баспа бетінде білдірдік, бірлдіріп жүрміз.
Осы жылда білім министрі Ерлан Сағадиевпен бірінші рет наурызда Тараз қалаында блог құрылтайда, екінші рет министрдің өз кабинетінде кездестік. Ойды айттық, көкейдегі көп сауалды қойдық, азды көпті жауап алдық.
4. Жыл қайырымдылығы
Аяқ астынан шілде айында Монғолияның Баян Өлгей аймағында су тасқыны болды, селден жүздеген отбасы зардап шекті. Дәл сол істе аға-дос Amangeldi Kurmetulyмен бірге елден әлеуметтік желі арқылы көмек ұйымдастырдық. Арысы Дания, Нирландия, Германиядан берісі еліміздің түкпір түкпірінен бауырлардың жинап берген ақшасын, Берік Уәли ағамның домбрасымен қосып апарып, қандастарға бес үй тұрғызып қайттық. Алла жер бетіндегі бар қазақтың бір қазақ екенін көрсеткен өте берекелі жұмыс болды. Таудағы арқардың табанына тас батса, ойдағы арқардың мүйізі сырқырайды, — дегендей барша қазақтың тілеуі бір екенін көрсеткен бұл іс өзіме үлкен күш берді.
5. Жыл саяхаты
Шет елге биыл дәл 4 тармақтағы іс үшін Ресейдің біраз аумағын Амангелінің әңгімесіне ұйып аралап, Алтай тауының Ресей бөлігіндегі сұлулығына тамсанып, Монғолиядағы тап таза қазақы ортаны, Өлгей даласын алғаш рет кезіп тың шабыт алып қайттым.
Елі ішінде, Алматы, Павладар, Қостанай, Қызылорда, Арқалық, Көкшетау жеті қаланың, 6-7 облыстың дәмі бұйырды, елдің сұлу жерлерін саяхатпен емес, жұмыс қамымен аралаған жыл болды.
6. Жыл әдіскерлігі
Жыл басында өз тәжірибемді бүкіл әріптестерге үйрету мақсатында «дарынды ұрпақ – ел ертеңі» курстар сериясын Дариға Шүйгінбаевамен Алматыда 62 мұғалім, Астанада 132 мұғалім, Ақмол ауданында 40 мұғалім, Монғолияда 25 мұғалім жалпы 270 тен аса мұғалімге білгенімді үйретіп, тәжірибеммен бөлісіппін. Бұл үлкен іс болды, курсымнан жақсы мотиваеция алып шыққан әріптестерім алғысын білдіріп тұрғанда желпініп қаласың.
Бұдан тыс оқушыларға да біраз мастер класс өткіздік, ол да жемісін бере жатар…
7. Жыл еңбегі
Жыл еңбегі 3 кітап. «Мінез» атты өлеңдер, «Ұлт болам десең…» атты мақалалар және «химия пәнінен 8 сынып оқушыларына арналған есептер мен жаттығулар жинағы», биылғы өзіме берген отыздағы есебім болды. Бұл шығармашылықта бір өсуге, жинақталуға себеп болды, жаңа тың ойлар берді.
Сонымен бірге біраз кітап оқу масатым толық орындалмады, биылғы оқығаным Оралхан Бөкейдің 3 томы мен, Таласбек Әсемқұловтің 11 томы… Бір жыл үшін аз, уақтыт осы фб-ға кетіп қалды)))
Жетер осы жеке жеті жарғыммен жылды жабайын, жаңа 17 жылға жоспар жетерлік…
Күнтізбедегі 16 жыл алға қойған, аяқ асты пайда болған мақсаттың басым бөлігі орындалғандай болды, өзімізше қуандық, өзімізше жұбандық. Ел үшін биыл күнгейі мен теріскейі қатар келген ауыр жыл болды, жылдың басты мерекесі тәуелсіздіктің 25 жылдығы болса, ауыры жер дауы мен теракты болды… Бұлар жеке бір әңгіме… Бұл пост өз басымнан болған соң араласытрмай ақ қояйын)
Иә, жыл осылай тарихқа еніп барады, баршаңызды күнтізбелік жаңа жылдың келуімен шын жүректен құттықтаймын. Алла баршаңызды жаңа жылда жаңа табыс, қуаныштар берсін!
Баршаңызға Алла күш қуат берсін!

5179 рет жалпы оқылды 3 рет бүгін оқылды
No votes yet.
Please wait...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *