Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл – Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының – ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі-сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі – Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі. Жалғасын оқу…


